Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1918–1945). I бөлім. Рыскелді Мырзабекова
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1918–1945). I бөлім - Рыскелді Мырзабекова страница 7
Помещик өз өндірісін ұйымдастыруға қатыса отырып, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері мен тәсілдерін қабылдап, өз табысының бір бөлігін жерге сала отырып оның рентабельділігін арттырды. Осындай жолдармен үлестік шаруашылықтың жаңа түрі ірі жер иеленушілердің біртіндеп буржуазиялануына алып келді.
Үлестік шаруашылық екі бағытта дамыды: 1) терең құрылымдық реформалар нәтижесінде өндіріс құралдарын иеленушіге айналды; 2) жалгерді өндіріс құралдарынан және дербес шаруашылық жүргізу құқықтарынан айырып, батракқа немесе күнделікті жалданушыға айналдырды. Ал үлестік шаруашылық иесі өз жерін жалдамалы жұмысшылардың еңбегімен өңдейтін жағдайға жетті.
ХХ ғасырдың бірінші жартысында ауыл шаруашылығында капитализмнің орнығуының екінші үдерісі көрініс бере бастады. Ақша қорларының бір бөлігі капиталға айналған помещиктік шаруашылықтарда жалдамалы жұмысшылардың еңбегі мен машиналы техника қолданылды. Бұндай шаруашылықтар негізінен ХХ ғасырдың 20-30-жылдары Шығыс елдерінің барлығында пайда бола бастады. Алайда шығыс елдерінде помещиктік капитализм тек екінші дүние жүзілік соғыстан кейін қарқынды дами түсті.
Шығыс елдеріндегі жер иеленудің жаңа түрлері. ХХ ғасырдың бас кезінде шығыста сауданың және егін шаруашылығының дамуы, агарлық салада жаңа үрдістердің орнығуы жер иелену құрылымында үлкен өзгерістерге алып келді. Бұл үрдіс бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін қарқынды түрде өз жалғасын тапты. Өзгерістердің жалпы тенденциясы жерге деген бұрынғы феодалдық немесе әдеттегі құқық, «шартты жер иелену», қауым жерлерін «мәңгілік жалға алу» және ауыл шаруашылығы мейлінше дамыған аудандарда жерге иелікті ұсақ буржуазиялық меншікпен алмастыру болды. Кейде бұл жасырын түрде шаруаларды қауымдық жерлерден қуып шығару немесе жасырын жерді тіркеу жүйесі бойынша кедергілер келтіру арқылы жүзеге асырылды.
Жерді сату және сатып алу, әдеттегі іске айналды. Бұл өз кезегінде бір адамның қолына жер иеліктерінің көлемді түрде шоғырлануына алып келді. Қауымдық және мемлекеттік жердің айтарлықтай бөлігі (іс басқарушылардың имениесі, әлі де болса бос қауымдық жер немесе тайпаның жері) феодалдық ақсүйектердің, жоғары лауазымды шенділердің, сауда-өсімқор буржуазияның, дін басыларының, шетелдік компаниялар мен шетелдік азаматтардың қолына өтті. Мемлекеттік және шаруалар иелегіндегі жерді талан-таражға салу нәтижесінде шығыс елдерінде іс жүзінде жерге жеке меншіктік құқығы орнағанымен,