Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1918–1945). I бөлім. Рыскелді Мырзабекова

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1918–1945). I бөлім - Рыскелді Мырзабекова страница 9

Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1918–1945). I бөлім - Рыскелді Мырзабекова

Скачать книгу

өз отарларының және жартылай отарларда бекінген шетелдік капитал шикізат пен ауылшаруашылығы өнімдерін көп көлемде тасымалдауға мүдделі болды. Сондықтан Азия мен Африка елдерінде бумен жүретін кемелер, темір жолдар мен телеграф желелілерін салуда шетелдік капитал бесенділік танытты. Сондай-ақ машиналы өндіріс жүйесінің бұндай ретпен енгізілуі, отарлардың даму ерекшелігіне және метрополиялардың әскери-саяси сұраныстарына да байланысты болды.

      Сонымен қатар тау-кен, алтын, алмаз кеніштерін үдемелі игеру және бұл салаларға салынатын жеке капиталдың келуі, отарларда банктік жүйенің дамуына және банк капиталының қалыптасуына ықпал жасады. Сондай-ақ банктерден ірі және орта шаруалар несиелер ала бастады. Осылайша шығыс елдерінде қуатты банк жүйесі қалыптасты. Отарлар мен жартылай отарлар дамыған капитализмнің элементтерін интенсивті түрде қабылдай бастады.

      Осымен бір мезетте метрополиялар өз экономикасының жаңа салаларын, атап айтқанда, металлургия және металл өңдеу, машина жасау сияқты салаларды дамыта түсті. Аталған салаларда қол жеткен ғылыми-техникалық жетістіктерді отарлардағы өндіріске енгізуді жүзеге асыруға (технологияны көшіруге) кірісті. Бұл өз кезегінде отарлардың әлеуметтік-экономикалық сипатын өзгертіп, олардың стратегиялық маңызын арттырды. Бірақ көптеген жағдайларда шығыс елдеріндегі дәстүрлі ерте мануфактуралық өндіріс шетелдік өндірістік және техникалық жаңалықтарды қабылдауға даяр болған жоқ. Сондықтан кейбір шығыс елдері бұл өзгерістер мен жаңалықтардан кешеуілдеп кенже қалды. Бұндай жағдай Азия мен Африка елдерінің бірқатарында осы күнге дейін байқалып отыр. Оның себебі Шығыстағы машиналы өндіріс Батыстағы сияқты өзіндік ішкі және дәйекті дамудың өнімі болған жоқ. Шығыстың өндірістік жүйесіне өндірістің фабрикалық және зауыттық түрлердің дайын күйінде сырттан әкелініп енгізілуі, оның кенже дамуының тағы бір себебі болып табылады. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезінде машиналы өнеркәсіп ең алдымен Үндістан, Қытай, Египет сияқты елдерге біртіндеп енгізілсе, Вьетнам, Бирма, Малазия сияқты елдерге оны енгізу көптеген қиындықтармен жүзеге асырылды.

      Батыстық өндіріс құралдарының жергілікті өндіріске ендірілуінің ерекшеліктері мен рөлі. Отаршылдық кезеңнің ХІХ ғасырының соңы мен ХХ ғасырының бас кезі Шығыс елдеріндегі өндіріс орындарына батыстық өндіріс құралдарын айтарлықтай көлемде енгізумен ерекшеленеді. Батыс елдерінде жетілдірілген механикалық қондырғылар ең алдымен мақта-мата, джут, қант, ұн тарту, жүн иіру, жібек тоқу сияқты өндіріс салаларына ендірілді, ХХ ғасырдың алғашқы онжылдығында ғана электротехника, металлургия, химия, цемент және тағы да басқа өндіріс салаларына енгізілді. Бірақ отарларда машина жасау мен станок жасау ісі болған жоқ. Бұл салалар метрополиялардың еншісінде болды. Отарлық жергілікті өндіріс орындары үшін құрал-жабдықтар метрополиялар мен өзге де индустриалды дамыған елдерден әкелінді.

Скачать книгу