Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1918–1945). I бөлім. Рыскелді Мырзабекова

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1918–1945). I бөлім - Рыскелді Мырзабекова страница 8

Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1918–1945). I бөлім - Рыскелді Мырзабекова

Скачать книгу

бәсекеге төзе алмай құлдырауына алып келді. Шығыстағы шаруалар жіпті қолмен иіру кәсібін тастап, шаруашылықтың басқа түрлеріне бейімделу жолдарын іздестірді.

      Сонымен қатар еуропалық өнімдердің шығыс қалаларындағы өндіріске ықпал ету нәтижесі дәстүрлі екі өнеркәсіп технологиясының синтезіне алып келді. Батыстық кәсіпкерлер біртіндеп шығыс өндірісін сол кездегі техниканың жетістіктеріне сүйенген кәсіпорындарға айналдыра бастады. Бұл үдеріс әсіресе, бірінші дүние жүзілік соғыс қарсаңында қарқынды дамыды. Шығыстық ұсақ мата тоқушылары өздерінің кәсіптерінде капиталистік кәсіпорындарда (бастапқыда меторполияларда кейіннен жергілікті фабрикаларда) өндірілген жіпті кеңінен қолдана бастады. Бұл өз кезегінде қол тоқыма өндірісінің біртіндеп жойылуына алып келді. Жаңа үлгіде пайда болған жергілікті тоқыма фабрикалар ұсақ тоқыма-қолөнершілерді ығыстыра бастады. Бұның көрінісін Үндістаннан көруге болады. Бұл елде 1911 жылы мақта-мата өндірісінде жұмыс істеген адамдардың 8 %-ы фабрикаларда еңбек етті және бұл фабрикалар елде өндірілген өнімнің осы түрінің жартысынан астамын шығарды.

      Сонымен қатар Шығыста өндіріс көлемінің және осы салада еңбек етіп жатқандар санының қысқаруына өндіріс капиталы қатты әсер етті. Сондай-ақ өндірістік капитал шығыс экономикасының дәстүрлі салалары болып табылатын қант қайнату, бояулар шығару, фарфор, қолшатыр, жөке тоқу, темірден жасалған бұйымдар, қолдан металл өңдеу көптеген саларды бәсекеге ұшыратты. Біртіндеп жергілікті феодалдық ақсүйектердің ерекше талғамы мен қажеттілік сұраныстарын қанағаттандыратын және тек қана бұйымтай бойынша жұмыс істейтін дәстүрлі кәсіп те

      Отарларға капитал шығару. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде жергілікті өндірістің дамуына өндрістік капиталдың өзара тәуелділік жүйесі кедергі келтірді. Мысалы, Вьетнамда жергілікті француздық фабрикалар ұсақ тоқыма, мақта-мата, қант, шай, спирт, күріш тазалайтын және көптеген шикізаттарды сатып алуды және олармен жергілікті өндірушілерді қамтасамыз етуге монополия орнатуға талпынды. Бірқатар өндіріс салаларында (ең алдымен жібек тоқу) олар айтарлықтай табыстарға қол жеткізе алған жоқ. Себебі, жергілікті өндірушілер өздері өндірген өнімдерін ескі арналарды пайдалана отырып, емін-еркін иеленгілері келді. Есесіне мата-мақта саласында импорттық шикізатпен жұмыс істейтін француздық жіп иірушілер жіппен тек вьетнамдық тоқымашыларды қамтамасыз етіп қоймай, өзге де шетелдік ірі мата-мақта мануфактураларды қамтамасыз етті. Отаршылдық капитал жергілікті буржуаны шикізат нарықтарынан аластата отырып, жергілікті мануфактураларды француздық фабрикалардың бір бөліміне айналдыруға тырысты. Бұл тенденция әсіресе, бірінші дүние жүзілік соғыс қарсаңында және соғыс кезінде ерекше анық байқалды.

      Жергілікті француздық фабрикалар мен вьетнамдық мануфактуралар арасындағы байланыстар тікелей сипатқа ие болған жоқ. Олардың арасындағы делдал рөлін қытайлық сауда кәсіпкерлері атқарды. Олар жергілікті ұсақ тауар өндірушілерге жүйелі түрде шикізатты таратып беріп отырды. Бұндай жағдайда жергілікті

Скачать книгу