Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1945–2012). II бөлім. Рыскелді Мырзабекова
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1945–2012). II бөлім - Рыскелді Мырзабекова страница 16
Атасу-Алашонькоу мұнай құбыры іске қосылған соң ресми Пекин Қазақстанның батысындағы мұнайлы аудандар мен Қытайдың ірі өндірістік аудандарын жалғастыратын екінші мұнай құбырының құрылысы туралы сөз қозғай бастады. Қазақстандық мұнайға деген қызығушылықтың деңгейін Пекиннің ресми өкілдері «Атасу-Алашонькоу» құбыры арқылы келіп жатқан мұнайдың көлемі Қытайдың энергетикалық мұқтаждықтарын қанағаттандыра алмайды» деп бар шындықты жайып салды. Қазіргі кезде Қазақстан мен Қытай арасында қосымша мұнай құбырын салу туралы дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Орталық Азия елдерінің Қазақстаннан өзге республикаларының арасында Қытай Түркменстанның энергетикалық ресурстарына үлкен қызығушылық танытуда. 2006 жылдың сәуірінде Түркменстанның бұрынғы президенті Сапармұрат ниязов пен ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао Пекинде Түркменстан-Қытай газ құбырын жүзеге асыру туралы Бас келісімге қолдарын қойған. Келісім бойынша тараптар аталған газ құбырын 2009 жылы іске қосып, түркмен газын жылына 30 млрд. текше метр көлемінде 30 жыл бойы Қытайға тасымалдауға уағдаласқан.
ХХІ бас кезіндегі ҚХР-дағы әлеуметтік-экономикалық реформалардың нәтижелері. 2003 жылы билік басына келген Қытайдың қазіргі жетекшілігі реформалардың басты нысаны ретінде әлеуметтік саланы белгіледі. дэн Сяопиннің ұранын іске асыру нәтижесінде адамдар мен кейбір аудандар әл-ауқатын жақсартып, іскерлер мен шенеуніктердің көптеген өкілдері айтарлықтай қаржы және материалдық байлықты жинап алды. Алғашқы қорланған капитал Қытайдың оңтүстік аудандарында шоғырланды. Қытайдың жаңа жетекшілігі алдыңғы концепцияны толығымен өзгертіп, оны «жалпы баю және әлеуметтік игілікті қоғам» ұранына айналдырды. Қазіргі кезде Қытай үкіметі елдің солтүстікбатысындағы «ескі аудандарды» дамытуға қыруар қаржы бөлуде. Бұл өз кезегінде шанхайлық топтардың мүддлеріне керіғар келуде. Сонымен қатар аймақтық деңгейде де осындай қайшылықтар орнын алуда. Бірақ ҚкП бұндай қайшылықтардың партиялық басқару ауқымынан шығып кетуіне жол бермей келеді.
Қытайдың ішкі тұрақтылығына әсер ететін факторлардың бірі жұмыссыздық болып табылады. Бұл саладағы ресми мәлімет 4,5 % болса, шындыққа жанасатын кейбір мәлімет 28 % құрайды. Бұл Қытайдың үлкен және орта қалаларындағы көрсеткіштер. Қытай үкіметі миграциялық мәселені шешу және қалалықтар мен ауылдан келіп қоныстанушылардың мәртебесін теңестіру үшін «Еңбекпен қамту» заңын қабылдаған. Бірақ бұл жұмыссыздық мәселесін шешуге қабілетті болмай келеді. Сонымен бірге Қытайдың қазіргі кездегі жыл сайынғы демографилық өсімінің деңгейі өте жоғары. Мысалы, Қытайда жыл сайын 190 млн. бала дүниеге келсе, оның 90 миллионы қалаларда дүниеге келеді. Бұндай демографиялық қарқынмен елдегі жұмыссыздық мәселесін шешу мүмкін емес. Қазір іске асырылып отырған реформадан барлық Қытай халқы қолайлы нәтиже көріп отырған жоқ, қытайлықтардың 60 % кедейшілікте, немесе, оған жақын деңгейде өмір сүріп отыр.
Қытайдағы