Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1945–2012). II бөлім. Рыскелді Мырзабекова
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1945–2012). II бөлім - Рыскелді Мырзабекова страница 12
Бұған алаңдаушылық білдірген халықаралық қауымдастық Солтүстік Кореяға қарсы қолданылған бірқатар шектеулерді алып тастайтындығын білдіріп, оны келіссөздерге шақырды. Нәтижесінде 2003 жылы солтүстік корей мәселесін реттеуге байланысты Ресей мен Қытай қатысқан «алты жақты келіссөздер» жоспары қабылданды. Бірақ осы күнге дейін бұл мәселеде нақты оң өзгерістер байқалмай келеді. Оның үстіне КХЦР өзінің зымырандық техникасын ара-тұра сынақтан өткізуін жалғастыруда. Мысалы, Солтүстік Корея 2005 жылдың сәуірінде тасушы-зымыранның әскери сынақтан табысты өткізілуіне қол жеткізді. Бұл оқиғаны Жапония, Корей Республикасы, АҚШ және Батыс Еуропа елдері Корей түбегіндегі мәселелерді реттеуді бірнеше ондаған жылдарға кейінге шегіндірген келеңсіз құбылыс деп бағалады. Осы күнге дейін Солтүстік Корея ішінара саяси және экономикалық оқшаулау жағдайында өмір сүруде. Бұл КХЦР халқының әлеуметтік және моральдық жағдайына кері әсерін тигізуде.
1. Ким Ир Сеннің «халықты жеңістен-жеңіске бастайтын дана көсем» ретінде жеке басына табынуына әсер еткен жағдайлар.
2. КЕП-тің нешінші съезі «социалистік индустрализацияға» бағыт алғандығын белгілеп, халық шаруашылығын дамытудың бес жылдық (19571961) жоспары?
3. «Чучхе идеологиясының» мәні ?
4. XX ғасырдың 90-шы жылдарындағы КХДР-дың саяси жетекшілігінің басты міндеті.
§ 4. Қытай
Екінші дүниежүзілік соғыс соңында Қытайдың ішкі саяси және халыцаралық жағдайы. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталысымен Қытайда екі партия кПк және Томиньдан арасында күрес басталды. 1946 жылдың мамырына дейін Қытай территориясында кеңес әскерлері сақталды. Жапондар жаулап алып қуыршақ мемлекет құрған Маньчжоу-го экономикалық жағынан біршама дамыған болып шықты. кСРО мен Қытай ШҚТЖ-ны (кВЖд) ортақ қолдана бастады. 1945 жылы 10 қазанда кПк мен Томиньдан арасында келіссөздер болып мемлекет тағдырын шешуге, «демократиялық» республикаға көшуге кірісті. Бірақ партия басшылары арасында (Чан кайши мен Мао Цзэдун) қайшылықтар орын алды. Бұл қайшылықтардың азаматтық соғысқа ұласып кетпеуі үшін екі ірі держава АҚШ пен КСРО КПК-дан, жартысы Гоминьданнан тұратын Қытай Республикасының мемлекеттік кеңесін ұйымдастыруды ұйғарды. АҚШ болса Гоминьдан үшін 150 мың адамдық армия жасақтауға кірісті. Бұл армия 1946 жылы КПК бақылап отырған территорияға енді. Бұл азаматтық соғыстың басталуына алып келді.
1946-1949 жылдары азамат соғысында Қытай коммунистік партиясы