Орта ғасырлар тарихы. Рыскелді Мырзабекова

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Орта ғасырлар тарихы - Рыскелді Мырзабекова страница 2

Орта ғасырлар тарихы - Рыскелді Мырзабекова

Скачать книгу

орнығуы герман халықтарында қолданылып келе жатқан әдет-ғұрыптарды, олардың жергілікті халықтармен қарым-қатынасын үйлестіретін заңдарды жазба түрінде реттеп отыруды талап етті. Сондықтан V ғасырдың өзінде Батыс Рим империясы территориясында орналасқан герман халықтарында жазба заңдар пайда болды, олар феодализмнің алғашқы сатысындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастарды бейнелейтін бірден-бір түпдерек болып табылады. Әдет-ғұрып құқығы туралы жазылған бұл деректер қауымдық қатынастардың ыдырауы және феодалдық құрылыстың қалыптасып келе жатқан кезеңіндегі өндіргіш күштердің дәрежесін, меншік түрлерін, әлеуметтік жіктелістің басталуын, рулық-қауымдық құрылыстың қалдықтарын, сот жүргізу дәстүрін зерттеуге қажетті маңызды материалдан мәлімет береді. Жазба заңдар Рим үстемдігін білмеген Еуропаның халықтарында да пайда болды. Рулық құрылыстың ыдырау процесі бұл халықтарда баяу өтті, жазба заңдар VІІІ-ІХ ғасырларда енгізілгенімен, Скандинавия халықтарында ХІІ-ХІІІ ғасырларда енгізілді.

      Орыс тілінде бұл құқықтық ескерткіштер «Правдалар» деп аталады. Олардың әдеттегі латынша атауы «Lex», яғни заң. Оған тайпаның немесе халықтың аты қосылып айтылады. Жинақтап айтқанда, оларды «Leges Barbarorum», «Варварлар заңдары» деп атайды. Олар – корольдің шығарған заңдары, актілері емес, қоғамның даму барысында бірте-бірте қалыптасқан, бұрыннан келе жатқан құқық нормаларының жинағы. Өзінің құрамы жағынан қосып жазу, сыналап сөз енгізу, көптеген редакциялау салдарынан заңдардың мәтіндері, әдетте өте күрделі. Бізге дейін Вестгот, Бургундия, Рипуар, Алеман, Бавария, Саксон, Фриз, Тюрингия және англосакс заңдары жеткен. Мысалы, лангобардтар заңы «Эдикт Ротари» деп аталады.

      Варварлық-германдық мемлекеттер туралы деректер көбінесе бір мазмұнда болып келеді. Оларға Заңдар, Анналдар, Формулалар жинағы жатады. Әрбір варварлық мемлекеттің өзіне тән түпдеректері бар.

      Вестготтар жайындағы түпдеректер. Батыс Рим территориясында алғашқылардың бірі болып қалыптасқан мемлекет – Вестгот корольдігі. Ол алғашында оңтүстік Галлияда, кейіннен Испанияда қалыптасты.

      Король І Теодерих (419-451) кезеңінде алғашқы заңдар жазыла бастады. 475 жылдар шамасында король Эйрих (466-484) тұсында үлкен заңдар жинағы жарық көрді. Ол «Эйрих кодексі» деп аталады. Бұл дерек жалпы 340 титулдан тұрады, бірақ бізге 57-сі ғана жетті. Соның ішінде 17-сі жақсы зерттелген. Бұл кодекстен біз V ғасырдың аяғында вестготтарда қауымдық құрылыстың сақталғанын көреміз, қауымдық жер иелену процесінен мәлімет аламыз. Жердің белгілі бір иесі болмағанымен, тәуелді шаруалар категориясының орын алғанын көруге болады.

      Король Аларихтің тұсында (484-457) готтардың қол астында өмір сүрген римдіктер үшін маңызды заң – Lex Romana Wіsіgohtorum жарық көрді. Кейіннен «Аларих Бревариі» аталып кетті. Осы заң нәтижесінде ескі Рим заңдары жаңа Вестгот заңдарына бағынуға тура келді. Вестгот патшалығы туралы тағы бір дерек «Вестгот заңдары» болып табылады. Бұл заң король Хиндасвинттің тұсында жазыла бастады. Алғашында,

Скачать книгу