Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009). Бақыт Бөжеева
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009) - Бақыт Бөжеева страница 13
Дж. Буш әкімшілігінің ішкі саясатында мемлекеттік несиелеу саласында дағдарыс байқалды. 1989 жылы қабылданған қаржылық институттар реформасы туралы заң сәтсіздікпен аяқталып, федералды депозиттерді сақтандыру қажеттілігіне байланысты бюджеттік шығындардың күрт өсуіне алып келді. 1991 жылы экономикалық әлсіреушілік бюджет тапшылығының өсуінде байқалды, соған байланысты Дж. Буш сайлау алдында берген Рейганның консервативті қаржылық бағдарламасымен жүру уәдесінен бас тартты. Дж. Буш әкімшілігі салықтарды көтере бастады, сондай-ақ әлеуметтік қажеттіліктер мен әскери шығындарға қысқартулар енгізді. Салықтық саясат нәтижесінде жоғары табысты тұлғаларға салық салу шектелді. Ұсақ кәсіпорындарды қолдау мен сауда еркіндігін қамтамасыз ету бағдарламасы жасалды. Алайда, президент бұл бағдарламаны жүзеге асыра алмады. Мемлекеттік шығындарға жаңа бапты енгізе алмаған, қиын жағдайға тап болған президент қайырымдылық қорын кеңейту мен реттеу науқанын кең көлемде пайдалана бастады.
Республикашылардың сыртқы саясаты да сәтті болып, Буштың әкімшілік қызметі АҚШ-тан қолдау тапты. 1989 жылы Құрама Штаттар әскері Панамаға түсірілді, оның мақсаты ондағы генерал М. А. Норьемдің тәртібін жойып, сайланған үкімет билігін орнату болды. Батыс жарты шарының Экономикалық ынтымақтастығы кеңейді. 1990 жылы «Жалпы америкалық инициатива» атты іс-шара өз күшіне енді, ол сауданы кеңейтіп, америкалық мемлекеттерге инвестиция салуды жоспарлады. Еркін сауда жөнінде Солтүстік Атлант келісімін жасасу туралы АҚШ, Канада, Мексика арасында келіссөздер сәттілікпен өтті (НАФТА). 90-жылдардың басында Дж. Буш әкімшілігі «жаңа әлемдік тәртіп» орнату туралы міндетті жариялады. 1990 жылы АҚШ үкіметі Иракқа қарсы батыс елдерінің коалициясын ұйымдастырып, тез арада жеңіске жеткен болатын. Парсы шығанағында соғыстың аяқталуымен, Құрама Штаттарында терең экономикалық әлсіреушілік басталды және оны тоқтатуға 1992 жылы ғана қол жеткізілді.
Президент Б. Клинтонның бірінші мерзімі (1992-1996 ж.). 1992 жылғы сайлауда Демократиялық партия өкілі Билл Клинтон жеңіске жетті. Сонымен қатар, демократтар Конгрестің екі палатасына да өз ықпалын сақтап қалды. Бұл әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыруға жақсы жағдай болды. Сайлау кезінде тәуелсіз үміткер Росс Пероның өз кандидатурасын ұсынуы нағыз жаңалық болды. Техастан шыққан миллиардер АҚШ-тың дәстүрлі қос партиялы жүйесіне қарсы тұрды. Алайда, ол мардымды дауыс жинай алмады.
Б. Клинтонның жеңісін көптеген себептермен түсіндіруге болады, бірақ ең бастысы – жақсы ойластырылған және анық көрсетілген демократтардың экономикалық жоспары болды. Бұл бағдарламаны әдеттегідей үміткердің өзі емес, қаржы саясаты жағынан танымал маман, Пристон университетінің экономика профессоры Алан Блиндер халыққа жария етті. Бағдарлама үш бөлімге бөлінді; біріншісі елдегі