Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009). Бақыт Бөжеева

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009) - Бақыт Бөжеева страница 9

Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009) - Бақыт Бөжеева

Скачать книгу

Осындай жағдайлардың барлығы демократтарға оқиға барысын өздерінің пайдасы үшін тиімді пайдалануына мүмкіндік жасады. 1960 жылы 8 қарашадағы сайлау нәтижесінде президент болып, демократиялық партия өкілі Дж. Кеннеди сайланды. Ол әлеуметтік салада маңызды қадам жасау мақсатында мемлекеттік реттеу механизмін жиі пайдаланып отырды. Кәсіпкерлерге жеңілдіктер берілді. Өндірістік саланы кеңейту үшін салықтық несиелер пайдаланылды. 1963 жылдан бастап Кеннеди салықтарды қысқартуға ұсыныс жасайды, бұл негізінен кірістері жоғары халық топтарына бағытталды. Елдегі төменгі еңбекақы көлемі сағаты 1 доллардан 1,25 долларға өсті және үкімет жалақыны жылына 3,2 %-ға көтерді. Баспана салу құрылысына да көп көңіл бөлінді. 1962 жылғы заң бойынша мемлекет жұмысшыларды жаңа мамандықтарға қайта даярлау міндетін алға қойды. Бағаны қалпында ұстау көп жағдайда көптеген болат өндіру компанияларына ұнамады, соның нәтижесінде үкіметпен келіспеушілік те туып жатты. Дж. Кеннеди бұл салада қатаң саясат ұстанды. Демократтар әкімшілігі жаңа әлеуметтік өзгерістер енгізумен қатар, жеке капитал жұмсауды қолдау мақсатында ірі капиталға маңызды салықтық жеңілдіктер жасаған болатын. Кәсіпкерлерге де жеңілдіктер жасалынды. Конгресте салықтық реформа жөніндегі билль қабылданды, онда кіріс салығының мөлшері және корпорация кірісінің салығы да едәуір төмендетілді.

      Дж. Кеннеди әлеуметтік мақсаттарды жүзеге асыру үшін қаражат бөлу саясатын жалғастыру қажет деп есептеді. 1963 жылы үкімет либералдардың қолдауымен конгресс арқылы жоғары білім беру және кәсіптік-техникалық оқыту үшін қаражат бөлу жөніндегі заңға қол жеткізді. Бірақ әлеуметтік саладағы басқа барлық қалған бағдарламалар жүзеге аспай қалды. Кеннедидің әлеуметтік-экономикалық саясатының бағытына қарсы консервативті оппозиция күшейе түсті.

      Кеннеди үкіметінің 60-жылдардың басында етек ала бастаған негрлік қозғалыстың жаңа толқынын құптауы да өте қиян-кескі қарсылыққа тап болды. Сонымен қатар консервативті топ өкілдері 1963 жылы Дж. Кеннеди үкіметінің жүргізген сыртқы саясатының бағыттарына да наразылығын білдірді. Бірақ АҚШ-тың бұл кездегі сыртқы саясаты бұрынғысынша қалған болатын. АҚШ бар күш-жігерін бұрынғысынша Кеңестер Одағына қарсы тұруға бағыттаған болатын. Осындай қарсы тұрудың, тайталастың басты алаңы Куба болды. 1961 жылдың сәуірінде Куба аумағына америкалық кемелермен, авиациямен әскер түсірілді. 1962 жылдың қыркүйек айында КСРО Кубада орта қашықтағы ядролық зымырандарын орналастыра бастады. Кеннеди үкіметі бұған жауап ретінде Кубаның әскери-теңіздік қоршауын жариялады. Бірнеше күн бойы шынайы әлемдік ядролық соғыс қаупі туындады. Тек осындай қауіпті жағдайда екі ұлы держава жетекшілерінің өзара байсалдылығы ымыраға келуге әкелді. Кеңестер Одағы Кубадан ядролық зымырандарын шығаратындығын, ал Құрама Штаттары Кубаға басып кіру әрекеттерінен бас тартатындығын мәлімдеді.

      Кеннеди үкіметінің Латын Америка елдеріне қатысты сыртқы саясаты 1961 жылы жарияланған «Өрлеу, ілгерілеу

Скачать книгу