Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009). Бақыт Бөжеева

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009) - Бақыт Бөжеева страница 32

Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009) - Бақыт Бөжеева

Скачать книгу

екіжақты қарым-қатынастардың келешегі қарастырылды, халықаралық өмірдің маңызды мәселелері бойынша ұстанымдармен келісілді. Оның ішінде, Ресей азаматтарының кейбір категорияларына Германияға кіру үшін визалық тәртіпті жеңілдету туралы шешім қабылданды және экономика саласындағы 15 ірі келісімшартты жүзеге асыру жөнінде келісімшарт жасалды.

      90-жылдары неміс-француз қарым-қатынастары әжептәуір қарқынды дамыды. 2000 жылдың жазында Майнц қаласында Франция президенті Ж. Ширак пен ГФР канцлері Г. Шредер арасында жоғары деңгейдегі кезекті консультативті кеңес өтті. Елбасылар ғарышты бірлесіп игеру жоспарларын талқылады және ЕО құрылымдары мен институттарын реформалау жобаларын қарастырды. Франция президенті Ж. Ширак 1963 жылғы әйгілі Елисей келісімін алмастыруға тиісті франко-германдық қарым-қатынастардың негіздері туралы жаңа келісім жасауды ұсынды.

      2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі оқиға Германияның сыртқы саясатына елеулі өзгерістер енгізді. ГФР үкіметі, жалпы алғанда, АҚШ-тың лаңкестікке қарсы коалиция құру жөніндегі ісіне қолдау білдірді, тіпті, өз әскерлерін ауған талибтерімен күресуге де жіберді. 2002 жылдың ақпанында Г. Шредердің АҚШ-қа ресми сапары барысында неміс тарапы америкалық саясатпен толық келісетінін тағы да ескертті, ал президент Дж. Буш канцлерге Германияның халықаралық лаңкестікпен күресте орасан зор үлес қосқаны үшін алғыс білдірді.

      Алайда, кейінгі оқиғалар ГФР мен АҚШ арасында елеулі қайшылықтардың туындауына және бұрын-соңды болып көрмеген екіжақты қарым-қатынастардың салқындауына алып келді. Бұған Дж. Буш әкімшілігінің Иракқа әскери басып кіру әрекетін жүзеге асыруы және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің санкиясынсыз Саддам Хусейннің диктаторлық жүйесінің құлауына күшпен қол жеткізу жоспарлары түрткі болды. Канцлер Г.Шредер Таяу Шығыстағы әскери қимылдардың шоғырлануына табанды түрде қарсы шығып, Ирак мәселесінің күшпен шешуге тырысу амалын айыптады.

      Тіпті, 2002 жылы 12 қыркүйекте АҚШ президентінің БҰҰ-да сөйлеген сөзінен, оның жетекші елдер басшыларына Иракқа қарулы басып кіру әрекетіне қолдау көрсету өтінішін білдіргеннен кейін де Г. Шредер ГФР-дың бұл шараларға қатысуы жөнінде күмән білдірді. Ол Вашингтонның дайындап жатқан әскери басқыншылық жоспарлары туралы өз одақтастарын хабардар етпей, Пентагонға сөзсіз бағынуды талап еткеніне зығырданы қайнады. Істің шын мәнісінде, герман канцлері АҚШ-ты Ирак дағдарысын арандатты және Иракқа қысым көрсету үшін қолдануға болатын саяси және дипломатиялық құралдарды пайдаланудан бас тартты деп айыптады.

      2002 жылы қыркүйекте ГФР-дегі сайлау науқаны кезінде де Буш әкімшілігі тағы да сынға алынды. Сайлаудан кейін және ГФР жаңа үкіметінің құрылуынан кейін канцлер Г. Шредер Вашингтон қаласына шиеленісті бәсеңдету мен екі ел арасындағы қатынастарды қайта қалпына келтіру үшін Сыртқы істер министрі Й. Фишерді жіберді. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К. Пауэллмен жүргізген келіссөздері кезінде Й. Фишер Германияның

Скачать книгу