Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009). Бақыт Бөжеева

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009) - Бақыт Бөжеева страница 30

Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009) - Бақыт Бөжеева

Скачать книгу

азайту еді. Қазірде бұл партияға сайлаушылардың 23 %-ы ғана сенім білдіретіндігі анықталды. Ал бұл бір кездері қуатты болған оңшыл партияның қалыпты түрде саяси өмір сүруіне жеткіліксіз болып табылады.

      Дағдарыс жағдайында тек консерваторлар ғана емес, басқа да саяси партиялар болғандығын ескере кету қажет. 1990 жылдан бастап бундестагтағы барлық саяси ұйымдар өздерінің жақтастарының шамамен төрттен бірінен айырылды. Аса зор шығынды 1998 жылдан бастап билік етіп келген ГСДП сезінді, оның мүшелерінің саны 1990 жылы 937 мың адамнан 2001 жылы 734 мың адамға дейін, яғни 21,7 % азайды. Ал Демократиялық социализм партиясы 68,5 % мүшелерінен айырылып, күйреу қаупіне ұшырады. Қатарында 88 мыңдай ғана мүшесі бар ДСП елде елеулі саяси салмаққа үміт артпаса да болады. Мұндай жағдай Еркін демократтар либералды партиясында да қалыптасты. Еркін демократтар өз мүшелерінің 65 %-нан айрылып, 2000 жылы мүшелердің саны 62 мың адамды ғана құрады.

      Елдің ең ірі саяси күші бұрынғысынша ХДО/ХӘО консервативті блогы болды, оның мүшелерінің саны 6-7% ғана азайған және 800 мың адамды құрады. Тек «жасылдар» ғана өз қатарының қысқаруынан аман қалып қана қоймай, тіпті, оны кеңейте түсті. «Жасылдар» мүшелерінің саны 50 мың адамды құрады.

      2000 жылдың аяғында Батыс Еуропаның көптеген басқа мемлекеттері сияқты ГФР-де де импортталатын мұнайға бағаның күрт өсуімен байланысты энергетикалық дағдарыс етек алды. Елде дағдарыстан шығу және мұнай өнімдерінің дағдарысқа дейінгі бағаларын қайта қалпына келтіру жөнінде қабылданған шұғыл шаралар талаптарына жаппай наразылық шерулері өтті. ХДО/ХӘО оппозициялық партия өкілдері күшті үгіт-насихат жұмысын жүргізіп, федералды үкіметтен экологияға төленетін салықты төмендетіп, халықты энергетикалық апаттан сақтап қалуды талап етті.

      2002 жылдың жазында жетекші саяси партиялар арасындағы кикілжің сол жылдың қыркүйегінде белгіленген парламенттік сайлауларға байланысты күшейе түсті. Социал-демократтар жетекшілері сайлаушыларға ішкі және сыртқы саясаттағы өздерінің жетістіктері туралы үнемі ескертіп отырды және халықтың кедей бөлігіне мемлекеттік шығындарды елеулі дәрежеде ұлғайту уәделерін берді.

      ХДО/ХӘО оңшыл консервативті лагері канцлер қызметіне үміткер ретінде ГФР-дың белгілі саяси қайраткері және Баварияның премьер-министрі Эдмунд Штойберді ұсынды. Өзінің сайлау алдында сөйлеген сөздерінде ол сайлаушыларға ГФР-дың экономикалық жағдайының нашарлап бара жатқанын, елдің бірігуі көп зардап әкелгендігін, ал социал-демократтардың жұмыссыздық деңгейін 3,5 млн адамға дейін азайту уәдесінің сол қалпы орындалмағандығын үнемі ескертіп отырды. 2002 жылдың бірінші ширегінде экономиканың өсуі шынымен 0,25 % ғана құрады.

      2002 жылғы парламенттік сайлау. Сайлау барысында 2002 жылдың 22 қыркүйегінде жеңіп шыққан Г. Шредер басшылығындағы ГФР-дың жаңа үкіметінің басты міндеті жұмыссыздықты қысқартуға, әлеуметтік бағдарламаларды кеңейтуге, жұмысшылар мен қызметкерлер жалақысын

Скачать книгу