Тауарлар мен капиталдың халықаралық қозғалысы. Оқу құралы. Әсемгүл Бекмухаметова
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Тауарлар мен капиталдың халықаралық қозғалысы. Оқу құралы - Әсемгүл Бекмухаметова страница 10
Ақша сұранысы оның ұсынысына тең болатынына қарамастан. В нүктесінде ұлттық кіріс тепе-теңдік күйі деңгейінен, яғни жиынтық сұраныстан жоғары болып шығады. Фирмалар өздерінің барлық өнімін сата алмайды және жоспарланбаған қор жинақтала береді, бұл олардың өндірістерін қысқартуға және де өндіруді азайтуға мәжбүр қылады. Өндіріс көлемін азайту ақшаға деген сұраныстың төмендеуін білдіреді, ал бұл пайыздық ставканың төмендеуіне алып келеді. Мұның нәтижесінде экономиканың ағымдағы күйін сипаттайтын нүкте Е жалпы тепе-теңдік нүктесіне жеткенше LМ қисығы бойынша төмен жылжиды.
Практика көрсеткендей, тауар және ақша нарықтарындағы тепе-теңдікті қалпына келтіру жылдамдығы түрліше болады. Егер ақша нарығында тепе-теңдікке облигацияларды сатып алу және сату операциялар арқылы қол жеткізілетін болса, тауар рыногындағы тепе-теңдікті қалпына келтіру фирмалардың өндіріс кестесін өзгертуін талап етеді, олар бұл шараларға тауар қорындағы бір немесе басқа өзгерістердің біршама ұзақ тұрғандығына көз жеткізгеннен соң бара алады.
Дамыған ақша нарығы жағдайында экономика бұл нарықтағы тепе-теңдікке біршама тез қол жеткізеді (LM ирегінің бір нүктелерінің біреуінде). Мұнан соң тауарлар нарығында тепе-теңдік баяуырақ орнай бастайды (LM ирегінің бойымен Е жалпы тепе-теңдік нүктесі бағытындағы қозғалыс).
Ішкі және сыртқы тепе-теңдікке қол жеткізу үшін IS-LM моделіне төлем балансы функциясының кестесін (ВР ирегін) енгіземіз.
Бұл жағдайда сыртқы теңгерім экспорттың активтік сальдосы капиталдың таза сыртқы ағынына тең болған жағдайда, былайша айтқанда сыртқы сауда операцияларының ағымдағы есеп-шотының оң сальдосы (қалдығы) капитал қозғалысы есеп-шотының теріс сальдосына тең болған жағдайда ғана екі жақ теңгерімге жетеді; немесе импорттың активтік сальдосы капиталдың таза салымдарына (вливаниям) тең болған жағдайда мүмкін болады, басқаша айтқанда сыртқы сауда операциялары теріс сальдосы капитал қозғалысы есеп-шотының оң сальдосына тең болуы керек.
Ішкі нарықтағы і пайыздық ставка әлемдік нарықтағы пайыздық ставкаға іz тең болғанда үш жақты тепе-теңдік қамтамасыз етіледі. Графикалық түрде оны 6-суретте көрсетілгендей IS, ІМ және ВР иректерінің Ү = Ү* және і = іz көрсеткіштеріне сәйкес келетін нүктеде қиысуы түрінде көрсетуге болады.
Бұл жағдайда капиталдың толық мобилділігі жағдайы шартында ашық экономикада үш жақты