Тауарлар мен капиталдың халықаралық қозғалысы. Оқу құралы. Әсемгүл Бекмухаметова
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Тауарлар мен капиталдың халықаралық қозғалысы. Оқу құралы - Әсемгүл Бекмухаметова страница 13
1. Л. Вальрас моделінен қандай қорытынды туындайды?
2. Кейнсиандық моделде қандай фактор жетекші рөлді атқарады?
3. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің кейнсиандық моделінің неоклассикалық моделінен айырмашылығы неде?
4. Капитал мобилділігі қандай түрлерге бөлінеді?
5. Үш жақты тепе-теңдіктің реттелуі қандай құралдардың қолданулары арқылы жүзеге асырылады?
2. Экспорттық-импорттық операциялар мен капитал қозғалысын қамтамасыз ету шарттары
Сыртқы сауда әлем шаруашылығының ұлттық шаруашылықтарын байланыстыратын халықаралық экономикалық қатынастардың негізін бастаушы болып тарихи түрде қалыптасқан. Сыртқы сауданың арқасында халықаралық еңбек бөлісі қалыптасады, ол сыртқы сауда мен басқа да халықаралық экономикалық операциялардың дамуымен тереңдейді және жетіле түседі.
Қазіргі кезде барлық елдер әлем шаруашылығының қатысушысы болып табылады. Жекелеген елдердің әлемдік шаруашылыққа қатысушылығының белсенділігі, интеграциялануы түрлі дәрежеде, бірақ та қоршаған әлеммен өзара экономикалық ынтымақтастық желілерімен белгілі бір дәрежеде байланыспаған ел болмайды. Елдің әріптестерімен жүргізетін сыртқыэкономикалық операциялары ұлттық экономикаларды әлем шаруашылығына айналдыратын әлемшаруашылық байланысы ретінде көрінеді.
Әлемшаруашылық байланыстары өзінің дамуы барысында белгілі бір кезеңдерден өтеді, кезеңдердің ауысуы әлем шаруашылығының біртұтастығының күшеюінің, және де халықаралық экономикалық қатынастар – сауда мен қызмет көрсетулерден капитал өндіу мен одан әрі халықаралық өндіріске өтуі, одан әрі біртұтас әлемдік валюта, кредит, құнды қағаздар рыноктарын қалыптастыру сияқты жоғары деңгейінің сипатын береді. Әлем шаруашылығының негізін құрайтын әлемнің дамытан елдері әлемшаруашылық байланыстарының эволюциясының генераторы болып табылады. Туындаған жаңа кезең осы елдердің экономикалық қызметі бірлігінің күшеюімен сипатталады. Аталмыш кезең шаруашылық өмірінің интернационализациялануы мен жаһандануын, тауарлар, қызметтер, капиталдар, қаржы ресурстары ұлттық рыноктарының әлемдік рынокқа бірігуінің объективті тенденциясы қызметінің нәтижесі.
Әрбір ел басқа елдермен белгілі бір сыртқыэкономикалық қарым-қатынасқа ие болады.
Мемлекетаралық экономикалық қатынастар негізгі екі бағыт – халықаралық сауда және қаржы бағыттары бойынша жүзеге асырылады. Ел тауарлар, қызметтер, ақша қаражаттары мен қаржы құралдарының импорты мен экспортын жүзеге асырады. Мемлекет алуан түрлі активтерді шығару мен енгізуді демеп отыруға мүдделі. Сондықтан да мемлекет өзінің резиденттері – жеке және заңды тұлғаларының (сол елде тіркелген), және де шетел мемлекеттерінің жеке және заңды тұлғаларының сыртқы экономикалық қызметін бақылап отырады.
Сыртқы