Қолданбалы химия. Роза Рыскалиева

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қолданбалы химия - Роза Рыскалиева страница 14

Қолданбалы химия - Роза Рыскалиева

Скачать книгу

алдын ала құрылғы жасау қажет. Бүгінгі күнде интерметалдық аккумуляторлар (сирек элементтер негізіндегі үшкомпонентті құймалар) ең озығы болып табылады. Сондықтан сирек элементтер өндірісін дамыту қажет, алайда бұл қоршаған ортаны қорғау тұрғысынан қауіп тудыруы мүмкін.

      Қорыта келе, дәстүрлі емес қайта қалпына келетін энергия көздерін пайдалану энергетикалық мәселені шешуге септігін тигізуі мүмкін..

      Неміс ғалымдары энергияның балама көздерінің дүниежүзілік техникалық потенциалы жылына қанша болатынын есептеген (шартты отынның млрд. тоннасы):

      биомасса – 5,6;

      су энергиясы – 2,8;

      жел энергиясы – 2,8;

      геотермальды энергия – 1,9;

      құйылу энергиясы – 0,9;

      Күн энергиясы – 6,3;

      барлығышартты отын 20,3 млрд. тонна.

      Бәрәншілік энергияны салыстыру үшін 9 млрд. тонна шартты отын пайдаланылады.

      Бақылау сұрақтары

      1. Энергетика мәселелері және олардың туындау себептері?

      2. Энергетикалық мәселелерді шешуде химияның алатын ролі қандай?

      3. Энергия шикізаттарының жіктелуі.

      4. Дәстүрлі отын түрлері, олардың сипаттамалары.

      5. Мұнайды қайта өңдеудің негізгі өнімдері.

      6. Синтетикалық отын дамуының перспективалары.

      7. Энергетиканың қоршаған ортаға әсері.

      8. Жылу бөлетін элементтер дегеніміз не, олар қайда қолданылады?

      9. Ядролық энергетика мәселелері.

      10. Балама энергия көздері және олардың сипаттамалары.

      11. Пайдаланылуында химиялық үрдістері басым баламалы энергия көздері қандай?

      12. Сутек алудың қандай әдістерін білесіздер?

      13. Биогаз дегеніміз не? Оны алу жолдары қандай?

      МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖАСАУ МЕН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

      Құрамы бойынша материалдарды келесі түрлерге бөледі:

      · металды материалдар;

      · жоғары молекулалы қосылыстар негізіндегі материалдар;

      · металды емес бейорганикалық материалдар;

      · қышадан жасалған материалдар;

      · композиттер.

      МЕТАЛДЫ МАТЕРИАЛДАР

      Металдан жасалған материалдар, ереже бойынша, жоғары жылу және электрөткізгіштікке, механикалық қаттылыққа, тұтқырлыққа, серпімділікке және технологиялық өңдеу (соғу, пісіру, кесу құралдарымен өңдеу, термиялық және химиялық-термиялық өңдеу нәтижесінде эксплуатациялық айтарлықтай өзгерту) тұрғысынан жақсы пластикалық қасиеттерге ие болып келеді. Темірдің (болат және шойын), қалайының, магнийдің, мыстың (қола, жез) никель мен хромның қорытпалары ең көп таралған. Іс жүзінде барлық ауыспалы металлдар мен лантанидтер, сондай-ақ көптеген ауыспалы емес металдар да қорытпалардың құрамдастары бола алады. Егер де металдар мен қорытпалардың, бірқатар жағдайларда өз кезегін металды емес материалдарға беруі мүмкін, себебі, металдардың жемірілуімен,

Скачать книгу