Қолданбалы химия. Роза Рыскалиева

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қолданбалы химия - Роза Рыскалиева страница 9

Қолданбалы химия - Роза Рыскалиева

Скачать книгу

компенсацияланса, ал көпіршелердің жаппай бұзылуы ДНҚ молекуласындағы бүтіндей сегменттердің түсіп қалуына әкеледі. Сәулеленудің үлкен мөлшерін алғанда микроскоппен толығымен бұзылған хромосомаларды бақылауға болады.

      Қорыта келе, қазбалық және ядролық отынды пайдалану тұрақты даму принциптеріне қайшы келеді деуге болады, себебі бұл шикізаттар қайта орнына келмейтіндерге жатады, ал оларды қолдану қоршаған ортаны ластайды. Тұрақты қоғамға бет бұру қазбалық және ядролық отынды пайдалану тәуелділігінен сатылы түрде арылуды және энергияның альтернативті көздеріне өтуді талап етеді.

      ЭНЕРГИЯНЫҢ АЛЬТЕРНАТИВТІ КӨЗДЕРІ

      Энергия көздерінің бұл тобына қайта орнына келетін энергошикізаттарды (күн радиациясы, жел, су энергиясы) қолдануға негізделген көздер жатады.

      КҮН ЭНЕРГЕТИКАСЫ. Күн энергиясы – бұл Күн планетасындағы термоядролық реакциялар нәтижесінде түзілген сәулеленудің кинетикалық энергиясы. Күн энергиясын қайта қалпына келетін энергошикізат түріне жатқызады. Оның толық қуатын астрономиялық санмен – 4∙1014 млрд кВт сипаттайды. Құрғақ жердің әрбір шаршы метріне шамамен 0,16 кВт энергия жұмсалады. Жер бетінің барлығына түсетін күн энергиясының мөлшері 105 млрд кВт құрайды, бұл барлық белгілі энергия түрлері өндірісінен 20 мың есе артық.

      Табиғи экожүйелерде күн энергиясының тек 1 % ғана жапырақтармен сіңіріледі және фотосинтезде пайдаланылады. Ол органикалық заттың потенциалдық энергиясы түрінде жинақталады. Олардың ыдырауы нәтижесінде экожүйенің барлық қалған компоненттерінің энергетикалық қажеттілігі қанағаттандырылады. Күн энергиясының шамамен осындай пайызы біздің тұрмысымыздың және өнеркәсіптік, транспорттық қажеттілігімізді қамтамасыз етуге жеткілікті екені есептелген. Сонымен қатар, біз оны қолдансақ та, қолданбасақ та Жердің энергетикалық балансына және биосфера күйіне бұл әсер етпейді. Қазіргі таңда Күн сәулесінен түсетін энергияны практикалық пайдаланылуы оңай электр энергиясына айналдыру мәселесі туындап отыр. Сонымен қатар түнде және бұлтты күндері энергиямен қамтамасыз ету үшін күн энергиясын үнемдеп жұмсай білу қажет. Қазір күн сәулесінің энергиясы негізінен өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында және коммуналды шаруашылық қажеттіліктері үшін төмен потенциалды жылу энергиясын (1000С дейін) алу үшін қолданылады. Бұлар әртүрлі су және ауа жылытқыштары, жылыжайлар, кептіргіштер, су бүріккіштері және т.б. Жарық сәулелерін Жерге жеткен кезде жинақтап, оны тікелей пайдалануға болады. Бұл күн энергиясын тікелей пайдалану деп аталады. Қазіргі уақытта кең тараған бірнеше әдістер бар.

      1. Фотогальваникалық элементтер (ФГ) немесе фотоэлектрлік түрлендіргіштер. Күндегі фотондар ағыны қос қабатты жартылай өткізгіштің (мысалы, кремнийдің) жоғарғы бөлігіне түседі. Фотондар электрондарды қоздырады да, олар әртүрлі типтегі кремнийдің арасындағы бөлік беттеріне жылжиды. Бұл кезде бөліктің жоғарғы бетінде электрондардың артық

Скачать книгу