Қолданбалы химия. Роза Рыскалиева
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қолданбалы химия - Роза Рыскалиева страница 7
Мұнаймен ластанған топырақта маңызды генетикалық көрсеткіштер бұзылады: азоттың, фосфордың, гумустың құрамы өзгереді, топырақты-сорғыштық кешен бұзылады, өсімдіктерге қажетті ылғал төмендейді. Топырақ- өсімдік – тірі ағза тізбегінің геохимиялық миграциясы үдерісінде мұнайдың улы химиялық заттары топырақтың генетикалық қасиеттерін бұзады, өсімдіктерге тежеуіш әсер береді, ми жасушаларында, тірі ағзаның қан құрамында үлкен өзгерістер жасайды, онкологиялық ауруларға себепші болады. Атмосфералық ауа мен топырақтың мұнай қалдықтарының улы химиялық заттарымен ластану деңгейінің жоғарылауы тұрғындардың туберкулез және тыныс алу жолдарының ауруына шалдығуына, гепатит ауруының ауыр формаларына шалдығуына әкеледі.
Газ тәрізді отын. Оған табиғи газ, мұнай өндіруде шығатын газдар, сонымен қатар көмір химиясының, мұнай өңдеу мен мұнай химиясының көптеген үдерістерінде түзілетін газдар (кокс және генератор газдары, крекинг және пиролиз газдары, органикалық синтез өндірісінен бөлінетін газдар) кіреді. Табиғи газдар метанға (95 %) бай және олардың құрамында қанықпаған көмірсутектер болмайды. Мұнай кен орындарының ілеспе газдары пропанмен және бутанмен байытылған. Жанғыш газдарда қоспалар ретінде циклды және ароматты көмірсутектер, аз мөлшерде азот N2, сутек H2, аргон Ar, гелий He болады; сирек жағдайларда аз мөлшерде күкіртсутек Н2S, меркаптандар және көмірқышқыл газы СО2 бар. Құрамына байланысты газдарды шикізат ретінде химия өнеркәсібінде, сонымен қатар өндірістік және тұрмыстық отын ретінде қолданады. Табиғи газдың жылу сыйымдылығы 34000 кДж/м3 болады. Қатты және сұйық отынмен салыстырғанда газдардың құрамында қажетсіз қоспалар аз мөлшерде болады, ал күлділігі тіптен болмайды. Алайда оның жарылғыштық қаупі бар, газ құбырларында, ғимараттарда және т.б. жерлерде авариялар болуы мүмкін.
Транспорт шамамен 100 % сұйық отынмен қамтамасыз етілген, ал электр қуатын өңдеу үшін көмір қолданылады, ал тұрмыста газ пайдаланылады. Алайда қазба отынның мөлшері шектеулі. Сондықтан қазіргі уақытта синтетикалық отын алу мүмкіншілігі қарастырылуда. Отынның барлық түрлерінің құрамы ұқсас келеді. Олардың арасындағы айырмашылық – сутектің мөлшерінде. Яғни, химиялық жолмен мысалы, көмірден мұнайға ұқсас сұйық көмірсутектер жиынтығын алу мүмкіндігі бар.
ЯДРОЛЫҚ ЭНЕРГЕТИКА
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғында атом энергиясы ашылды. Дүние жүзінің белді мемлекеттерінің барлығы «атом эрасына» қадам басты. Яролық энергия көп мөлшерде және арзан