Қолданбалы химия. Роза Рыскалиева

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қолданбалы химия - Роза Рыскалиева страница 11

Қолданбалы химия - Роза Рыскалиева

Скачать книгу

+ Н2 → СН4 + Н2О

      Биогаз негізінен метаннан СН4 (65 %) және көмірқышқыл газынан СО2 (30 %) тұрады. Оның жылу сыйымдылығы 23000 кДж/м3 құрайды.

      Қатаң анаэробты жағдайда метанды ароматты қосылыстардан алуға болады. Бұл үдеріс сонымен қатар ағынды суларды детоксикациялауда және қалдықтарды кәдеге жаратуда пайдаланылады. Табиғатта осы жолмен кейбір биоцидтердің биотрансформациясы жүруі мүмкін:

6Н5СООН + 24Н2О → 12СН3СООН + 4НСООН + 8Н212СН3СООН → 12СН4 + 12СО24НСООН → 4СО2 + 4Н42СО2 + 12Н2 → 3СН4 + 6Н2О

      Жалпы теңдеуі: 4С6Н5СООН + 12Н2О → 15СН4 + 13СО2.

      Ауылшаруашылығы қалдықтарын және жануарлардың қаңқаларын, сонымен қатар экологиялық жағынан өте маңызды канализациялық және өнеркәсіптік ағындарды пайдалана отырып, арнайы реакторларда– дайджестерлерде метан түрінде СН4 отынның біраз мөлшерін алуға болады. Кейбір елдерде (Үндістан, Қытай, Филиппин) биогаз өндірісіне бағытталған ұлттық энергетикалық бағдарламалар жасалған. Ал Қытайда көптеген фермерлер қиды арнайы ашытады, одан алынған биогаз шаруашылықтың энергетикалық қажеттілігін толығымен қанағаттандыруға жеткілікті болады. Қорыта келе, энергия көзі ретінде биогазды қолданудың мүмкіншілігі орасан зор екені байқалады.

      ГИДРОЭНЕРГЕТИКА. Гидроэнергетикалық құрылғыларда электр энергиясын өндіру қоршаған ортаны ластамайды. Планетамыздың толық есептелген гидроресурстары 1000 трлн кВт/сағат деп бағаланады. Гидроэлектрстанциялардың (ГЭС) көмегімен алынатын гидроресурстар шамамен 30 есе аз. Мамандардың бағалауы бойынша планетаның барлық өзендерінің потенциалын толық пайдаланғанның өзінде гидроэнергетика адамзат қауымын электр энергиясымен тек 25 % ғана қамтамасыз ете алады. Бұрынғы ССРО территориясында әлемдік гидроресурстарының 12 % бар, оларды пайдалану тиімділігі 20 % құрайды. Дамыған елдерде гидроресурстарды пайдалану тиімділігі жоғары: Канадада – 50 %, Жапонияда 62, Швецияда және Италияда – 74, Францияда және Швейцарияда – 90, АҚШ-та – 44 % құрайды.

      Гидроэнергетикалық құрылғылардың (ГЭҚ) 3 түрі бар:

      1. Гидроэлектр станциялары (ГЭС) өзен энергиясын қолданады. ГЭС электр энергиясын алу үшін пайдаланылатын ең қарапайым құрылғыны сипаттайды. ГЭС пайдалы әсер коэффициентінің (ПӘК) өте жоғары мәні тән (93 %), ал ЖЭС-ының ПӘК – 40 % құрайды. ГЭС өзінің қуатын оңай өзгертетін және жан жақты құрылғы болып табылады. АЭС немесе ЖЭС-мен салыстырғанда оларда агрегаттарды тоқтату немесе жүргізу оңай, әрі олардың қуаттылығын өзгерту жылдамдығы үшін шектеулер жоқ. Сондықтан ГЭС-ның арзан энергия көзі ретінде маңызы зор.

      ГЭС-ның қоршаған ортаға кері әсері төмендегідей:

      · ауылшаруашылығы және орман шаруашылығын жүргізуге ыңғайлы әрі құнарлылығы жоғары жер бөліктерін су басады. Су басқан құнарлы топырақ суды биогенді элементтермен байытады, ал ол эвтрофикация үдерісінің дамуының және су сапасының бірден төмендеуіне әкеледі;

      · бөгеттің болуы балықтардың уылдырық шашуына кедергі тудырады, бұл жағдай балық қорына кері әсерін

Скачать книгу