Музейлік электронды сөздік. Тәттігүл Картаева
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Музейлік электронды сөздік - Тәттігүл Картаева страница 11
Әдеб.: Мануэль Галич. История доколумбовых цивилизаций. М.: Мысль, 1990.
БАРБЕР ӘСЕРЛІ ӨНЕР ИНСТИТУТЫ – Бирмингемде орналасқан Барбер әсерлі өнер музейі – Ұлыбританияның көркемөнер коллекциясын жинақтаған мекеме. Оның негізін 1932 жылы ірі кәсіпкер Генри Барбер қалаған. Музей орналасқан 2 қабатты ғимарат 1939 жылы архитектор Роберт Аткинсонның басшылығымен ар-деко стилінде салынған. Онда батысеуропалық туындылар да жинақталған. Онда әлемге танылған көне шеберлер Симон Мартин, Джованни Беллини, Сандро Боттичелли, Паоло Веронез, Кіші Ганс Гольбейн, Питер Пауль Рубенс, Антонис Ван Дейк, Франс Хальц, Рембрандт, Никола Пуссен, Бартолом Эстебан Мурильо; француз импресионистері мен постимпрессионистері Эдгар Дега, Клод Моне, Пьер-Огюст Ренуар, Эдуард Мане, Винсент Ван Гог, Поль Гоген; 20 ғ. суретшілері Пабло Пикассо, Анри Матисс, Рене Магритт, Эгон Шиле, Андре Дерен, Фернан Леже; ағылшын өнері тарихын көрсететін Джошуа Рейнольдс, Томас Гейнсборо, Уильям Тернер, Данте Габриэл Россетти, Обри Бердслей, Гвен Джон туындылары бар.
БАРИ ПИНАКОТЕКАСЫ – Бари қаласында 11-19 ғ. – дағы батысеуропалық өнердің озық үлгілерін жинақтаған. 1928 жылы негізі қаланған. Музей қоры Италия шіркеулері, монастырлары, Неопол және Рим галереясынан алынған заттар, сондай-ақ Ескі Пинакотеканың қосылуы нәтижесінде толыққан. Музей экспозициясында антикалық мүсіндер коллекциясы, ортағасырлық дәуір заттары, Қайта өркендеу дәуірінің итальяндық шеберлерінің полотнолары қойылған. Музей құндылықтарының қатарында Антонио және Бартоломео Виваринидің, Парис Бордоненің, Якопо Тинтореттоның жұмыстары бар.
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІ – Орал қ-ндағы 1832 ж. негізі қаланған тарихи-мәдени мекеме. 1920 ж. қалалық реалды уч-ще мен казак-орыс әскерлері музейлерінің негізінде қайта құрылды. Музей залындағы археол. қазбалар кезінде табылған қыш құмыралар, ыдыстар, қола мен темірден соғылған жебе ұштары, еңбек құрал-жабдықтары өлкенің көне замандағы тарихы мен мәдениетінен мағлұмат берсе, 19 ғ. мен 20 ғ-дың бас кезінде қолданылған әшекей бұйымдар,