Музейлік электронды сөздік. Тәттігүл Картаева

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Музейлік электронды сөздік - Тәттігүл Картаева страница 13

Музейлік электронды сөздік - Тәттігүл Картаева

Скачать книгу

отырған, қазіргі таңда музей бас ғимаратынан басқа, бірнеше корпустар және мүсіндер бағын иеленген. Музей қорының саны 70000-нан асады. Музей археологиялық заттарды, антикалық, Ежелгі Египеттік мүсіндер мен түрлі бұйымдарды, қыш-құмыраларды, ортағасырлық мүсіндерді, Азия елдерінің, соның ішінде жапон, үнді, корей халықтарының, Африка елдері, Автралия және мұхит аралдары елдерінің бай өнер туындыларын, еуропалық сәндік-қолданбалы өнер туындыларын, ағылшын күмістері мен фарфорларын, әртүрлі стильдегі жиһаздарды экспозициялайды. Көркемсурет галереясында голланд, француз, ағылшын, испан, итальян шеберлерінің, атап айтқанда Тициан, Альбрехт Дюрер, Рембрандт, Жан-Франсуа Милле, Винсент Ван Гог, Поль Гоген, Пьер Огюст Ренуар, т.б. туындыларын, американ шеберлерінен Джон Сингер Сарджент, Мэри Кэссет, Уинслоу Хомер жұмыстарын тамашалауға болады. Клод Моненің коллекциясы музей мақтанышы болып табылады.

      БРЕДИУС МУЗЕЙІ – Гаагада орнааласқан. Музей белгілі коллекционер, өнер тарихшысы, 17 ғ. – дағы голланд өнерін зерттеуші, Маурицхейс музейінде көп жылдар директор қызметін атқарған Абрахам Бредиустың коллекциясын экспозициялайды. Бредиус өлгеннен кейін 1946 жылы оның коллекциясы Гаага муниципалитетіне өтеді де, көпшілік қауым үшін ашылған. 1985 жылы музей жабылып, 1990 жылы Ланге Вайвербергтегі жаңа ғимаратқа көшіріліп, қайта ашылды. Музей коллекциясы негізінен нидерланды және фломандық көркемөнер туындыларынан тұрады. Экспозицияға Антонис Ван Дейк, Франс Хальц, Вилдлем Клас Хед, Томас де Кейсер, Рембрандт, Саломон Ван Рейсдаль, Ян Стен, Кіші Давид Ренирс, Эсайас Ван де Вельде, Корнелис де Вос жұмыстары қойылған. Шетелдік көркемөнер мектептерінен Якопо Амигони, Джузеппе Рекко, Лоренс Альма-Тадем т.б. шеберлер жұмыстары қойылған. Сәндік-қолданбалы өнер коллекциясын неміс майда пластикалары, жапон және қытай ыдыстары, атақты мейсендік фабрика фарфорлары, т.б. заттар өте қызықты заттар құрайды.

      БРЕМЕН КУНСТКАЛЕСІ – Германиядағы ірі музей, қалалық өнерсүйгіштер коллекциясы негізінде қалыптасып, 1849 жылы ашылған. Жаңа ғимараты архитектор Эдуард Гильдемейстер жобасымен салынып, 1902 жылы пайдалануға берілген. Кунскале коллекциясының негізін 19-20 ғ. – ларға саятын көркемсурет, гравюра, мүсін шеберлерінің туындылары құрайды. Музейде Вильгельм Лембрук, Эрнаст Барлах сияқты мүсіншілердің, Клод Моне, Эдуард Мане, Камиль Писсарро, Пьер-Огюст Ренуар, Эдгар Дега, Анри де Тулуэ-Лотрек, Поль Сезанн сияқты әлемге белгілі импроссионистердің, Оскар Кокошки, Эдвард Мунк, Макс Пехштейн сияқты экспроссионистердің, Ловис Коринт, Макс Либерман, Макс Слефогт, Каспар Давид Фридрик, Макс Клиптер, Адольф фон Менцел, Эрик Хекел, Вильгельм Трюбнер сияқты неміс суретшілерінің туындылары бар.

      БРЕР ПИНАКОТЕКАСЫ – Миланда орналасқан. Брер Пинакотекасы Өнер Академиясы студенттеріне көрнекі оқу материалы ретінде құрылып, 1882 жылы өз алдына жеке мекеме болған. Музей қорында 400 ден астам полотно сақталған. Музей экспозициясында Андреа Мантеньи, Донатто

Скачать книгу