Музейлік электронды сөздік. Тәттігүл Картаева

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Музейлік электронды сөздік - Тәттігүл Картаева страница 14

Музейлік электронды сөздік - Тәттігүл Картаева

Скачать книгу

қазіргі ғимараты 1897 жылы архитекторлар Макким, Уайт және Мидтің біріккен жобалары негізінде салынған. Музей қорында 500 000-нан аса тарихи-мәдени мұралар сақталған. Ежелгі Египет коллекциясында жазу ескерткіштері, папирустар, Карнак қаласы археологиялық мұралары, Африка, Азия, Теңіз жағалауы аралдары, Колумбқа дейінгі Америка ескерткіштерін экспозициялайды. Америкалық көркемсурет коллекциясында Гильберт Стюарт, Томас Икин, Джон Сингер Сарджент, Чарлз Уилсон Пит, Альберт Бирштад, Фредерик Черча, Томас Коул, Уинслоу Хомер, Джорж Иннесс, Уильям Меррит Чейз, Макс Вебер, Марсден Хартли, Джорджии О`Киффи, Чарльз Шилер, Стюарт Дейвис жұмыстары, сондай-ақ мүсіндер, акварельдер, пастельдер бар. 20 ғ. өнері бөлімінде Луиза Буржуа, Джозеф Корнел, Виллем де Кунин, Эда Рейнхардт, Дэвид Смит жұмыстары экспозицияланған.

      БРЮССЕЛЬ ӘСЕРЛІ ӨНЕР КОРОЛЬДЫҚ МУЗЕЙЛЕРІ – Брюссель қаласындағы Бельгияның өнер тарихынан сыр шертетін туындылар және корольдар коллекциясының қорларын жинақтаған ірі музейлер жүйесі. Оның құрамында Көне өнер музейі, Қазіргі заман өнер музейі, Виртц музейі, Менье музейі бар. Музей 1801 жылы Наполеон Бонапарт бұйрығымен Брюссель музейі ретінде құрылып, онда француз революционерлерінен тәркіленген өнер заттары сақталған. Коллекциялар базасы сыйға тартқан, сатып алынған бұйымдармен толықтырылып отырған. Көне өнер музейінде 15-18 ғ. – лардың өнер туындылары жинақталған. Құндылықтар қатарында Рогир Ван дер Вейден, Петрус Кристус, Дирк Боутс, Ганс Мемлинг, Иеронимус Боск, Үлкен Питер Брейгель, Питер Пауль Рубенс, Якоб Иорданс, Антонис Ван Дейк еңбектері бар. Қазіргі заман музейінде 19-20 ғ. – лардың өнер туындылары қойылған. 6 қабаттан тұратын бұл музейде батысеуропалық суретшілер, мүсіншілер еңбектері сақталған, олардың қатарында Пьер-Огюст Ренуар, Альфред Сислей, Жорж Сера, Поль Синьяк, Эдуард Мане, Поль Гоген, Пьер Бонкара, Джеймс Энсор, Рика Ваутерс, Рене Магрит, Поль Дельво, т.б. шеберлер туындылары бар. Антуан Виртц және Константен Менье музейлері суретшілердің өздері тұрған үйлерінде орналасқан. Олар 19 ғ. – дағы Бельгия өнерінің басты тұлғалары болып табылады.

      ВАЛЬРАФ-РИХАРТС МУЗЕЙІ – Кельнде орналасқан. Музей 1861 жылы Вальраф пен Рихартстың сыйға тартқан коллекциясы негізінде ашылған, музей ғимараты Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қирап, 1957 ғимарат қайта салынған. Музей қорында Кельндік ортағасырлық 290 полотно, әр кезеңде салынған 75000-нан аса гравюра сақталған. Қайта өркендеу және барокко дәуірінің (Альбрехт Дюрер, Иороним Боск, Франс Хальц, Рембрандт, Питер Пауль Рубенс, т.б.), импрессионистердің (Пьер Огюст Ренуар, Клод Моне, Винсент Ван Гог, т.б.), 19-20 ғ. – лардағы неміс суретшілері (Вильгельм Лейбль, Макс Эрнест, Пауль Клее, Эрнест Людвиг Кирхнер, т.б.) туындылары сақталған.

      ВАТИКАН МУЗЕЙІ – Рим қаласында орналасқан музейлер кешені. Құрамына Антикалық музей, Этруск өнері музейі, Египет музейі, Пинакотека, Гобелендер галереясы, Географиялық карталар галереясы, Кітапхана, Тарихи апартаменттер енеді. Ватикан пинакотекасы ғимараты 15 ғ. – да салынған.

Скачать книгу