Музейлік электронды сөздік. Тәттігүл Картаева

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Музейлік электронды сөздік - Тәттігүл Картаева страница 18

Музейлік электронды сөздік - Тәттігүл Картаева

Скачать книгу

Император сарайы музейі В. м. жасаудың озық тәжірибесін қалыптастырған. Бүкіл дүниежүзілік компьютер желісіне қосылу қызметін қамтамасыз ету мақсатында Гугун Император сарайы музейінің Ақпараттық орталығы өзінің озық тәжірибесін әлемдік музейлер кеңістігіне шығарып отыр. Музей қытай өнерінің керемет коллекцияларына ие болғандықтан, Ақпараттық орталық өздерінің алдарына ең үздік халықаралық музейлік веб-сайт дайындауды мақсат етіп қойған. Жұмыс нәтижесінде материалдың сапасы мен саны ұлғайып, мәтін жеті тілге аударылды: жеңілдетілген қытай, ағылшын, жапон, неміс, француз, испан және орыс тілдері. Сайтта музей коллекциясы көрсетіліп, онда озық мультимедиялық технологиялар қолданылады. Арнайы, тұрақты және ұйымдастырылатын көрмелер бөлімдерінің музейлік мазмұны кәсіпқой кураторлар дайындаған материал бойынша жазылған. Стилі ғылыми, бірақ түсінуге оңай: бұл беттер – барлық ізденушілердің асыл қазынасы сияқты. Музей сайты бірнеше бөлімді құрап, тақырыптары музейлік басылымдарға, музей кітапханасына және оның қызметіне, қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстарына, білім беру бағдарламаларына, мәліметтерді таратуға және т.б. арналған. Озық ақпараттық технологияларды енгізу нәтижесінде музейге виртуалды көру арқылы әлемнің әр түпкіріндегі адамдар музейдің ішінде бола алады. Мысалы, ежелгі қытай көркем өнеріне үш өлшемді виртуалды тур жасау ұйымдастырылған. Интерактивтік ойындар жас пайдаланушылардың қытай мәдениетіне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында құрылған. Бұл ойындардың материалы ретінде атақты көркемсуреттер, археологиялық қазбалар мен мұрағаттық мәліметтер пайдаланылады; осындай ойындардың көмегімен балалар бірегей тәжірибе жинап, уақытын жақсы өткізеді.

      Музейдің веб-сайты үнемі заманауи технологиялармен жаңғыртылып отырады. Мысалы, соңғы жылдары суреттерді, заттарды тұтынушыға немесе келерменге жақындататын функция қосылған. Сондай-ақ, жаңа әсерлі ойындар жасалып, үнемі жаңартылған нұсқасы енгізіліп отырылады. Мысалы, пайдаланушы кішкентай коллекция жинаушыға айнала алатын, суреттердің көшірмесі мен түпнұсқасын, жасанды түрін тауып үйренетін ойындар ойластырылған.

      Музей сайтындағы «Директор почтасы», «Ұсыныстар мен ескертулер» және «Қашықтықтан оқыту» сияқты бөлімдер жұмысы музей мен бұқара арасындағы байланысты орнатуға арналған. Музей шетелдік пайдаланушылар үшін Қытай миграциялық комитетімен бірлесіп Азия, Европа мен Солтүстік Америка желісінде сайттар ашты.

      2000 жылы қаңтарда Гугун музейі сайтында «Виртуалды музей» деп аталатын керемет графикасымен, танымдық және түсіндірмелік мәтіндері бар жоба іске қосылды, онда мәдени жәдігерлерді көрсетуге арналған көптеген тақырыптардың мазмұны ашылады. Қазіргі уақытқа дейін келесідей бағдарламалар жетілдірілген: «Цин және миндік безендірілген фарфор», «Сун династиясының атақты альбомдар парағы» және «Будда қағидасындағы суреттерге толық баяндама». «Виртуалды музей» барлық жастағы көрермендерге бағытталған. Виртуалды

Скачать книгу