Музейлік электронды сөздік. Тәттігүл Картаева

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Музейлік электронды сөздік - Тәттігүл Картаева страница 20

Музейлік электронды сөздік - Тәттігүл Картаева

Скачать книгу

қайта өркендеу және «Алтын ғасыр» суретшілері Лукас Ван Лейден, Корнелис Ван Харлем, Питер Ластман, Рембрандт, Ян Ван Гойен, Якоб Ван Рейнсдаль, Ян Стен, Ян Вермеер; француз суретшілерінен Симон Вуэ, Гиацинт Риго, Никола де Ларжильер, Франсуа Буше, Жан Батист Грез туындылары сақталған. Музейде 100000-нан астам гравюра, 10000-нан астам суреттер және қолданбалы өнер туындылары бар.

      ГОЛОГРАММА – жарық көздері арқылы алдын ала жарықтық сезімтал пластина немесе пленкаға жазылып алынған заттардың көлемді бейнесін көрсету. Г. – бұл нақты заттың көлемді оптикалық көшірмесі, ол заттың суретін жарық сезгіш тілімшемен немесе лазер техникасының көмегімен таспаға жазу жолымен жасалады. Экспозицияға заттардың жеке топтар арасындағы мағыналы байланыстар көрнекілігін орнату үшін карталар, сызбалар, диаграммалар, кестелер және басқа да ғылыми-көмекші материалдар енгізіледі. Алайда, оларды дұрыс қолданбау музей заттарынан келушілердің көңілдерін алаң еткізіп, сонымен қоймай экспозицияның ерекшелігін бұзуы мүмкін. Экспонат-түпнұсқаларды өзінің керексіз айқындылығымен немесе безендіру әсерімен «ерекшелеу, әсірелеу» керек емес. Сондықтан да Г. қолдану тәжірибені және талғамды қажет етеді.

      ГРАВЮРА (франц. gravur – бедер сурет) – графика өнерінің бір түрі; тақтаға бедерлеп салған суреттің қағазға түсірілген көшірмесі (эстамп) Г. деп аталады. Өңдеу әдісіне байланысты Г. бедерленіп жасалатын және ойылып жасалатын нұсқа болып екіге бөлінеді: бедерлі нұсқада бояу сурет бетіне жағылады (ксилография, линогравюра). Ойма нұсқада бояу ойылған сурет сызықтарына толтырылады (офорт, акватинта, меццо-тинто, лавис, т.б.). Г-ның жасалу барысы бірнеше кезеңнен тұрады: алдымен қағазға салынған эскиз тақтаның бетіне көшіріледі. Содан соң арнаулы металл аспаптармен (штихель, қашау, гравирлейтін инелер, арнаулы пышақтар) немесе хим. әдістермен (қышқылмен күйдіру, т.б.) бұл сурет тақтаның бетіне ойылып немесе бедерленіп түсіріледі. Одан кейін тақтаның бетіне бояу жағылып, қолмен немесе арнаулы станокпен қағазға басылады. Г-лар бедерлену әдісіне қарай бірнеше түрге бөлінеді: мысқа ойылып жасалатын Г., ағаштағы Г. – ксилография, линолеумдегі Г. – линогравюра, офорт, меццо-тинто, т.б. Г. жасалатын негізгі заттар: металл (мыс, мырыш, болат), ағаш (шамшат, пальма, алмұрт ағашы), линолеум, т.б. Г., көбінесе, ақ-қара түсті болып келеді. Алайда әрқайсысына әр түсті бояу жағылған бірнеше тақтадан басылатын түрлі түсті Г. да жиі кездеседі. Г. графикалық өнерге тән сан түрлі бейнелеу құралдарын пайдаланады: контурлы сызық, штрих, дақ, бояу, т.б. Қаттылығы әр түрлі нәрселерден жасалуына орай қалыптасқан стильдік өзгешелігі, авторлық бір нұсқаның көп данасын өзгеріссіз, айнытпай шығаруға болатындығы – Г-ның ерекшелігі. Қондырғылы Г-мен (эстамптар) қатар кітап Г-сы да кең тараған. Алғашқы Г. 6 – 7 ғ-ларда Қытайда пайда болғаны айтылады, ең ертеден жеткен Г-ның жасалған уақыты 868 ж. деп көрсеті – ксилография Жапонияда дамыды. Ресейде 16 ғ-дан белгілі. 18 – 19 ғ-ларда Г. кең таралды. Қазақстанның бейнелеу өнерінде Г. өнердің өркендеген

Скачать книгу