Музейлік электронды сөздік. Тәттігүл Картаева

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Музейлік электронды сөздік - Тәттігүл Картаева страница 21

Музейлік электронды сөздік - Тәттігүл Картаева

Скачать книгу

«Композиция 2», Пабло Пикассоның «Үтіктеуші» жұмыстары бар.

      Әдеб.: Основы музееведения: учеб. пособие / Отв. ред. Э. А. Шулепова. М.: Едиториал УРСС, 2005.

      ГУГУН МУЗЕЙІ – 1918 жылы Қытай мемлекеттік музейі негізінде Пекинде құрылған, 1925 жылы Қытай үкіметі оны Г. м. етіп қайта құрып, көпшілік үшін ашқан. Музей ғимараты ортағасырлық қытай сәулет өнерінің бірегей ескерткіші, ал 1420 жылы Пекин қаласындағы Тянаньмэнь алаңының солтүстік жағына салынған Мин және Цин әулеті императорларының сарайы болған. Аумағы 723 600 м², айналасы биіктігі 10 метрлік дуалмен қоршалған. 1912 жылы Қытайда патшалық билік жойылып, республика жарияланған соң сарайдың бір бөлігінде ескі тарихи-мәдени мұралар көрмеге қойыла бастады. Музей қорындағы экспонаттардың жалпы саны 1100000-нан асады. Музейде сирек кездесетін тарихи, әдеби, діни қолжазбалар мен ксилографиялық кітаптардың 500000-нан астам данасы сақтаулы. Олардың ішінде қытай жазуынан басқа шүршіт (маньчжур), моңғол, тибет, ұйғыр, түрік-шағатай жазуындағы кітаптар мен қолжазбалар да мол. 1948 жылы Гоминьдан үкіметі Г. м. – нен әртүрлі мұралар мен сирек кездесетін қолжазба кітаптардың 230000-нан астам данасын Тайваньға көшірген, соның негізінде 1965 жылы Тайвань – Гугун музейі ашылған.

      Әдеб.: Сокровища музея императорского дворца. Гугун. Москва: Издательство «Наталис» Рипол Классик, 2007.

      ҒИБАДАТХАНА – Құдайға құлшылық етілетін, діни рәсімдер мен парыздар атқарылатын ғимараттардың жалпы атауы. Әрбір дінде бірнеше түрлі Ғ-лар бола береді және түрліше аталады: исламда – мешіт, христиан дінінде – шіркеу, собор, монастырь, костел, кирха; иуда дінінде – синагога; ал будда дінінде олардың ортақ атауы жоқ, әр елде әр түрлі аталады (мыс., Жапонияда тэра, Шри-Ланкада вихара, Моңғолияда хурэ, Бурятияда дацан, т.б.). Ғ-лар, негізінен, іргелі, еңселі, биік мұнаралы, көп күмбезді, бірнеше текшелі, әлденеше бөлмелі сәнді де күрделі ғимарат болып келеді. Ғимараттың ішінде алтарь, мінбар, михраб сияқты дұға бағыштайтын арнаулы орындар болады. Ғ. іші хұсни хаттармен, періштелер мен әулиелердің бейнелерімен, ою-өрнектер және әсем жазулармен безендіріледі. Ғ-лар архитектурасы адамның Құдайға құлшылық етіп, онымен байланысқа түсетін орны ретінде әр дінде әр түрлі діни тұспал-нышандармен, сондай-ақ ұлттық ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Мыс., мешіт күмбезінің ұшар басында міндетті түрде исламның белгісі – жарты ай бейнесі, ал шіркеуде айқыш (крест) орнатылады. Көптеген Ғ-лар өзінің ғажайып көркімен әлемдік сәулет өнерінің жауһар мұралары қатарынан орын алады. Ғибадатханалардағы діни мұралар діни кітаптар, фрескалар, икондар т.б. музей экспозициясы қызметін атқарады.

      ДАЛЬВИЧ КАРТИНА ГАЛЕРЕЯСЫ – Лондондағы қызықты өнер музейі. Музей ғимараты 1811 жылдан архитектор Джон Соан басшылығымен Фрэнсис Буржуа мен Ноэл Дезанфан қаражаттарына салынып, 1817 жылы ашылған. Музейде батысеуропалық көне шеберлердің туындылары сақталған. Онда итальян, испан, француз, ағылшын, фламан, голланд, неміс өнер туындылары

Скачать книгу