Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014). Бақыт Бөжеева

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014) - Бақыт Бөжеева страница 6

Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014) - Бақыт Бөжеева

Скачать книгу

құрылтайы болды.

      1 қазан. Қазақстан Республикасы мен Грек Республикасы дипломатиялық қатынастар орнату туралы ноталармен алмасты.

      5 қазан. Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан дипломатиялық қатынастар орнату туралы ноталармен алмасты.

      17 қазан. Қазақстан Республикасы мен Ватикан (Қасиетті тақ) дипломатиялық қатынастар орнату туралы ноталармен алмасты.

      28 қазан. Қазақстан Республикасы Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында АӨСШК шақыру идеясын жариялады.

      28 қазан. «Ә.Ш. Жаңбыршинді Қазақстан Республикасының Америка құрама штаттарындағы Төтенше және өкілетті елшісі етіп тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы.

      12 қараша. Қазақстан Республикасы мен Тунис Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы хаттамаға қол қойылды.

      17 қараша. Қазақстан Республикасы халықаралық «Интерпол» ұйымына мүше болды.

      28 қараша. Алматыда БҰҰ өкілдігі ашылды.

      10 желтоқсан. «М.М. Әуезовті Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және өкілетті уәкілі етіп тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы.

      19 желтоқсан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Ресей үкіметінің басшысы В. Черномырдинмен Алматыда кездесті. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

      29 желтоқсан. Алматыда Пәкістан Ислам Республикасының елшілігі ашылды.

      1993 жыл

      4 қаңтар. Ташкентте Орта Азия мемлекет басшыларының кездесуі барысында Қазақстан Республикасы Президенті ұсынысымен тараптар Аралды қорғау халықаралық қорын құру туралы шешім қабылдады.

      9 қаңтар. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев «Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының өкілетті өкілдігін (елшілігін) ашу туралы, Германия Федеративтік Республикасында, Француз Республикасында, Иран Ислам Республикасында, сонымен қатар Әзірбайжан Республикасында, Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Грузия Республикасында, Қырғыз Республикасында, Түрікменстан Республикасында, Өзбекстан Республикасында, Украинада Қазақстан Республикасының елшіліктерін ашу туралы» Жарлықтарға қол қойды.

      19 қаңтар. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев Алматыға ресми сапармен келген Армения Президенті Левон Тер-Петросянмен кездесті. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

      29-31 қаңтар. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев Швейцарияның Давос қаласында өткен Әлемдік экономикалық форумның жұмысына қатысты.

      1-2 ақпан. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев ресми сапармен Бельгия корольдігіне барды. Сапар барысында Бельгия Президенті Бодуэнмен, премьер-министрі Жан-Люк Деанмен, сонымен қатар НАТО-ның Бас хатшысы Манфред Вернермен кездесті.

      2-3 ақпан. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Австрияға ресми сапары

Скачать книгу