Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014). Бақыт Бөжеева

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014) - Бақыт Бөжеева страница 9

Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014) - Бақыт Бөжеева

Скачать книгу

корольдігі арасындағы дипломатиялық қатынастар орнатылуы туралы хаттамаға қол қойылды. Қазақстандық министрді Король Фахд қабылдады.

      14-16 мамыр. Қазақстан Республикасы премьер-министрі С. Терещенконың Иран Ислам Республикасына ресми сапары. Екі ел арасындағы көп саладағы ынтымақтастықты қамтитын үкіметаралық құжаттарға қол қойылды. Әрі қарай ынтымақтастықтың дамуы туралы меморандумға, Азаматтардың өзара сапарлары барысындағы визаларды рәсімдеу тәртібі туралы меморандумға, Қазақстан Ұлттық банкі және Иран Орталық банкі арасындағы меморандумға, Сауда-экономикалық, өнеркәсіптік, ғылыми-техникалық ынтымақтастық мәселелері бойынша келісімдерге қол жеткізілді.

      27 мамыр. Қазақстан НАТО-ның «Бейбітшілік үшін серіктестік» (БҮС) бағдарламасына қосылды: БҮС рамалық құжатына қол қойылды. Қазақстан бұл бағдарламаның 19-мүше мемлекетіне айналды.

      5-7 маусым. Үндістан Сыртқы істер министрінің орынбасары Салман Хуршиданың Қазақстанға ресми сапары. Оны Н.Ә. На-зарбаев қабылдады, сондай-ақ Ғылым және жаңа технологиялар министрі, Сыртқы істер министрі, Қорғаныс министрі, Көлік және байланыс министрлерімен келіссөздер жүргізді. Әскери ынтымақтастық, әскери кадрларды дайындау, атом өндірісі саласындағы біріккен зерттеулер, телекоммуникациялар саласында үнділік тәжірибені қолдану мәселелері талқыланды.

      10 маусым. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев қысқа мерзімді жұмыс сапарымен келген Эстония Республикасының Президенті Леннарт Мериді қабылдады.

      13 маусым. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев Алматыға үкіметтік делегация басшысы ретінде келген Вьетнам Социалистік Республикасының премьер-министрі Во Ван Киетіні қабылдады.

      23-24 маусым. Алматыға Франция экс премьер-министрі Эдит Крессон, Еуропалық комиссиядағы ғылым, білім беру және жастар мәселелері жөніндегі комиссарының жұмыс сапары болды. Кездесу барысында екіжақты қатынастар мәселелері, әсіресе энергетика саласы талқыланды.

      8 шілде. Алматыда Орталықазиялық одақ мүше-елдері – Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы басшыларының кездесуі, мемлекетаралық кеңес, оның тұрақты негізде жұмыс істейтін жұмыс органы – Атқарушы комитетін құру, үш елдің премьер-министрлері, Сыртқы істер министрлері және Қорғаныс министрлері кеңесін бекіту туралы шешім қабылданды. Орталықазиялық ынтымақтастық және даму банкі құрылды. Банктің орналасқан жері – Алматы қаласы.

      12 шілде. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің «ҚР СІМ дипломатиялық қызметкерлерінің қызметтік аттестациясын жүргізу тәртібі туралы ережені» бұйрықпен бекітуі.

      13-14 шілде. АҚШ Мемлекеттік хатшысының демократия, адам құқығы және еңбек бойынша көмекшісі Дж. Шэттактың Қазақстанға жұмыс сапары. Дж. Шэттактың Сыртқы істер министрлігіндегі кездесуі барысында Қазақстандағы демократиялық қайта құрылулар мен экономикалық реформалар мәселелері талқыланды.

Скачать книгу