Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014). Бақыт Бөжеева
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014) - Бақыт Бөжеева страница 8
14 ақпан. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттікке (МАГАТЭ) кірді.
14 ақпан. Қазақстан ядролық қаруы жоқ мемлекет ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылды.
13-18 ақпан. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары болды. Келіссөздер нәтижесінде Қазақстан және АҚШ Президенті Демократиялық серіктестік хартиясына; Қорғаныс және әскери қатынастар саласындағы өзара түсініктік туралы меморандумға; ҚР үкіметі мен АҚШ үкіметі арасында ғылым мен техника саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге; Техникалық ақпарат алмасуы және ядролық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге; Қазақстан, Ресей және АҚШ арасындағы жасанды Жер серігі «Инмарсат-3» жіберуге байланысты технологиялық кепілдіктер туралы келісімге қол қойылды.
16 ақпан. Нью-Йоркте Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың БҰҰ Бас Хатшысы Бутрос Б. Галимен кездесуі өтті. Осы кездесу барысында елбасы БҰҰ Бас Ассамблеясына постконфронтациялық кезең бойынша арнайы сессиясын шақыруға ұсыныс жасады.
18 ақпан. Париж қаласындағы Елисей сарайында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев пен Франция Президенті Франсуа Миттеранның жұмыс бабындағы кездесуі өтті. Алдында қабылданған келісімдердің жүзеге асырылу мәселелері және түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту жолдары талқыланды.
19-21 наурыз. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев Алматы қаласына іссапармен келген АҚШ Қорғаныс министрі Ульям Перриді қабылдады. Кездесу барысында қорғаныс және қорғаныс өнеркәсібі конверсиясы мәселелері талқыланды. Екі елдің қорғаныс министрлері деңгейінде Қазақстандық қорғаныс өнеркәсібінің конверсиясы туралы келісімге қол қойылды.
20-23 наурыз. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Ұлыбританияға ресми сапары болды. Сапар барысында екіжақты ынтымақтастық негізін қалайтын құжаттарға қол қойылды. Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен корольдігі арасындағы достық пен ынтымақтастық туралы біріккен декларация, ҚР үкіметі мен Біріккен корольдік үкіметі арасындағы экономикалық ынтымақтастық туралы бірлескен декларация, Білім беру, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісім, Екі ел Сыртқы істер министрлері арасындағы ынтымақтастық туралы декларация.
23-24 наурыз. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Испания корольдігіне ресми сапары болды.
28-30 наурыз. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Ресей Федерациясына бірінші арнайы сапары орын алды. Президент Н.Ә. Назарбаев Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде сөйлеген сөзінде Еуразиялық одақ идеясын ұсынды.Ресми сапар барысында екіжақты ынтымақтастықтың түрлі жақтарын реттейтін 23 құжатқа қол қойылды: Қазақстан мен Ресейдің экономикалық ынтымақтастық пен интеграциясының