Экономикалық ілімдер тарихы. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Экономикалық ілімдер тарихы - Коллектив авторов страница 7
Орталық Азиядағы ерте ортағасырлық кезең «Мұсылмандық Ренессанс» деп аталды, бұған Әл-Фараби, Бируни, Ибн-Сина, Баласағұн, Қашқари сияқты ойшылдардың қосқан үлесі ерекше. Аристотель, Платонның және басқа да Ежелгі Грекия ойшылдарының мұралары ортаазиялық ғалымдарға жақсы танымал болып, олардың шығармаларында одан әрі дами түсті. Осы авторлардың ғылыми еңбектерінде философиялық, діни-этикалық, әлеуметтік мәселелер, мемлекет құрылысы, шаруашылық саясат және көптеген басқа да бағыттар қарастырылды.
Орта Азия аумағында аса танымал ойшылдардың бірі – Әбу Нәсір Әл-Фараби (873-950) болды. Ол 200-ге жуық трактаттардың авторы. Ол Аристотельдің көптеген еңбектерін араб тілінде сөйлету арқылы Шығыс және Батыс ғылымы мен мәдениетінің жақындауында ерекше роль атқарды. Оның әлуметтік-экономикалық көзқарастары «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Азаматтық саясат», «Мемлекеттік қызметкердің афоризмдері», т.б. еңбектерінде көрініс тапты. Ғалымның пікірінше, адамзат қоғамының қалыптасу жағдайы – материалдық қажеттіліктерге байланысты, ал адамдардың бірігу себебі адамның табиғатына байланысты болады. Халықты ұйымдастырудың үш түрі бар – шағын (қала), орта (халық) және үлкен (бірнеше халықтардың бірігуі). Оның ішінде қала «кемелденудің жоғары сатысы», ал ең жетілмегені – үй қоғамы болып табылады. Ол әлеуметтік утопия концепциясын – ізгілікті қала туралы ілімді жасады. «Адамдарды бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын қоғам – қайырымды қоғам. Барлық қалалары бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын халық – қайырымды халық»4. Әл-Фараби жеке ізгілікті адамгершілікпен байланыстырады, ол адам игілігіне септігін тигізетін қызмет нысаны түрінде көрінеді. Ізгілікті қала тұрғындардың өмір сүру жағдайына байланысты анықталады, салыстыру үшін ойшыл надан, тоғышар қалалардың сипаттамасын береді (қажеттілікке, айырбасқа, мақтансүйгіштікке, билікқұмарлыққа негізделген және ұжымдық). Ізгілікті қоғам түсінігіне қажеттілікке негізделген (өзара көмектесумен құрылған) және ұжымдық (теңдіккке және бостандыққа негізделген) қалалар сәйкес келеді.
Мемлекеттің экономикалық мақсаттылығын талқылай отырып, ойшыл мемлекет басшысының қызметін анықтайды: тұрғындардың қажеттілігін қанағаттандыру, оларды жаулардан қорғау, өзін тек ең қажеттімен шектеу.
Әл-Фараби басқарудың екі түрін бөліп қарастырған. Біріншісі, адамның «біреуді басқарып және біреуге бағынуы» және «басқа бір адамға жетекшілік ету». Жетекшіліктің екінші түрі қоғамдық шаруашылықтың жеке салаларында және сондай-ақ, «бүкіл адамзатқа қатысты» болуы мүмкін, яғни, қала, қауым, мемлекет басшылары. Басты жетекшінің қажетті қызметі жетекшілік деңгейін анықтау, әрбір деңгейдегі жетекшілердің арақатынасының
4
Әл-Фараби. Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат// Экономика.Әлемдік классика,10 томдық. Т.1. – А., 2006. – 206 б.