Инвестициялау негіздері. Гүлназым Супугалиева

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Инвестициялау негіздері - Гүлназым Супугалиева страница 8

Инвестициялау негіздері - Гүлназым Супугалиева

Скачать книгу

байланысуын қамтамасыз ету.

      Аймақтық инвестициялық саясат аймақтағы экономиканы көтеруге және өндірістің тиімділігін арттыруға, өзін-өзі қаржыландыруды қамтамасыз етуге және аймақтың алдағы уақытта дамуына жақсы қадам жасауын бағытталады.

      Экономиканы дамытуда және өндірістің тиімділігін арттыруда салалық инвестициялық саясаттың ролі маңызды. Ол жекелеген салааралық кешендер және экономиканың саласы деңгейінде жасалады.

      Салалық инвестициялық саясат – ағымдағы және алдағы уақыттардағы ел экономикасының дамуын және ҒТП-ні жеделдетуді, дайын өнімді экспортқа шығаруды, елдің экономикалық және қорғаныс қабілетін қамтамасыз ететін шаруашылық салаларын таңдап алып, оларға инвестициялық қолдау көрсету шараларын сипаттайды.

      ҚР-да экономиканың жекелеген салаларына қатысты инвестиция тартуға мемлекет тарапынан өзіндік қолдау көрсетіледі. ҚР Президентінің жарғысына сәйкес тікелей отандық және шет елдік инвестицияларды тарту үшін біршама маңызды экономика секторларының тізімі анықталған. Оларға мыналар жатады:

      – өндірістік инфрақұрылым;

      – өндеу өнеркәсібі;

      – Ақмола (қазіргі Астана) қаласының объектілері;

      – Тұрғын үй, әлеуметтік сала және туризм объектілері;

      – Ауыл шаруашылығы.

      Жекелеген шаруашылық субъектілерінің (кәсіпорындардың) инвестициялық саясаты – ағымдағы және алдағы уақыттары кәсіпорын жұмысында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізу мақсатында инвестицияға меншікті, заемдық және басқа да қаражаттарды жұмсау тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталатын шаралар жиынтығы.

      Кәсіпорынның инвестициялық саясаты оның іскерлік жоспарына байланысты жасалады. Егер ондай жоспар болмаса, онда инвестициялық саясат туралы сөз болуы да мүмкін емес.

      Кәсіпорында инвестициялық саясатты жасау барысында мынадай принциптерді ұстанады:

      – кәсіпорынның стратегиялық жоспарының мақсаты мен оның қаржылық тұрақтылығына қол жеткізу;

      – инфляция мен тәуекелдер факторын есепке алу;

      – инвестицияның қажеттігін экономикалық негіздеу;

      – портфельдік және нақты инвестициялардың ықшамды құрылымын қалыптастыру;

      – маңыздылығына қарай жобаларды іріктеу және қолда бар ресурстар және шет елдің ресурс көздерін есепке ала отырып инвестициялау;

      – инвестицияларды қаржыландырудың ең арзан және тұрақты көздері мен әдістерін таңдау.

      Мұндай және басқа да принциптерді ескеру кәсіпорындардың инвестициялық саясаттарын жасау барысында қате жіберуден және қате есептеуден сақтануға мүмкіндік жасайды.

      2.3. Инвестициялық механизмнің экономикалық мазмұны

      Отандық тәжірибеде, сондай-ақ «Инвестицияны қаржыландыру және несиелеу» пәніне байланысты жазылған жоғары оқу орындарының оқулықтарында «инвестициялық механизм» деген түсінікті кездестіру қиын.

      Механизм дегеніміз не? «Механизм» термині

Скачать книгу