Институционалды экономика. Ғалия Даулиева
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Институционалды экономика - Ғалия Даулиева страница 11
Индивидтердің әртүрлі салалардағы іс-әрекеттерін реттеуші келісімдердің жеті типі ажыратылады: нарықты; индустриалды; дәстүрлі; азаматтық; қоғамдық пікір; шығармашылық іс-әрекет; экологиялық.
Экономикалық тұлғалар әртүрлі келісімдер тоғысында әрекет етеді. Экономикалық тұрғыда келісімдер тоғысында белгісіздік туындайды. Келісімдер теориясы келісімдер типтерінің арақатынас нұсқаларын талдайды:
экспансия – бұрын басқа келісім нормалары үстемдік еткен салаларда қарым-қатынас басқа келісім нормалары негізінде ұйымдастырылатын келісімдер арақатынасы; мысалы, саяси сфера саяси нарыққа айналуы мүмкін, азаматтық келісім нормаларының орнына нарықтық келісім нормалары енеді;
жақындасу – бірдей қарым-қатынас өзара ығыстырушы нормалар негізінде жүргізілетін келісімдер арақатынасы;
компромисс – келісімдер қарама-қайшылығын жоюға қабілетті синтетикалық нормалар пайда болатын жағдай.
2.2. Рационалдылық мінез-қүлық нормасы ретінде
Рационалды таңдау моделі және нормаға бағытталған мінезқұлық бір-біріне қарама-қайшы келмейді. Оның үстіне, нормаларға жүгіну рационалды таңдаудың алғышарты болып табылады.
«Рационалдылықты» экономистер әртүрлі түсіндіреді. Марк Вебердің пікірінше, соңғы нәтижеге саналы түрде бағдарлану және оған жету құралдарын саналы түрде таңдау ғана рационалды. Олар «дәстүрлі» және «аффективті» мінез-құлықтан өзгеше.
Нарықтық қарым-қатынас мақсатты бағытталған рационалдылыққа негізделеді. Мақсатты бағытталған рационалдылық басқа индивидтердің белгілі бір мінез-құлық күтімдерін болжамдайды, себебі тек осы жағдайда ғана аталған мінез-құлық мақсатқа жету құралы ретінде қолданыла алады. Күтімдер басқалардың мотивтерін, мақсаттарын түсінуге негізделеді. Күнделікті қарапайым деңгейде рационалды мінез-құлықтың болжамдануы «Бұл кімге тиімді?», «Бұл адамның мүддесі неде?» сияқты сұрақтарға үнемі жауап іздеу формасында көрінеді. Мінез-құлық нормасы ретінде рационалдылықты нақтылаушы дәйектер әлеуметтану, тәжірибелік экономика және толық емес рационалдылық теорияларында келтірілген.
Әлеуметтану теориясы рационалдылықты адамдардың нарықтағы күнделікті мінез-құлқы тұрғысында қарастырады. Бұл теорияға сәйкес, күнделікті қарым-қатынастың негізін рационалды іс-әрекет емес, негізделген іс-әрекет құрайды. Яғни индивидтер бір-бірін қарапайым тәжірибеге жүгіну арқылы түсіне алады. Рационалды таңдау моделі емес, керісінше, қарапайым тәжірибе және қалыпты ақыл-ой индивидтерге басқалардың іс-әрекеті туралы шынайы болжам жасауға мүмкіндік береді. Осы теорияға сәйкес, рационалды таңдау моделін зерттеушілер формальді модельдер құру мақсатында индивидтерге артады. Себебі әртүрлі әлеуметтік ортадағы қалыпта ақыл-ой туралы