Институционалды экономика. Ғалия Даулиева

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Институционалды экономика - Ғалия Даулиева страница 9

Институционалды экономика - Ғалия Даулиева

Скачать книгу

қалыптастыру арқылы тепе-теңдік нүктелерін көбейту, ойыншылар репутациясын қалыптастыруды; екіншіден, келісімдер және фокальді нүктелер арқылы бірегей тепе-теңдікті таңдауды, құндылықтар негізінде баламаларды таңдау өлшемі белгілеуді, индивид талғам құрылымының өзгеруін білдіреді.

      Тұжырымдар:

      1. Неоклассикалық теорияның нақты экономикалық мәселелерді түсіндірудегі қолданылу ауқымының тарылуы институционалды теорияның қалыптасуындағы тарихи алғышарттардың бірін құрайды. «Негізгі ағымның» қолданылу ауқымын тарылтатын бірқатар шектемелер неоклассикалық нарықтың негізгі шарттарынан, олардың қарама-қайшылықтарынан туындайды.

      2. Қазіргі институционалды теория өз дамуында ғылыми-әдістемелік тұрғыда екі іргелі бағыт – «ескі» институционализм және неоклассикадан бастау алады, алайда «ескі» институционализмнен бірқатар айырмашылықтары бар.

      3. Неоинституционалды экономика дәстүрлі неоклассиканың шеңберінде қала отыра, оның бірқатар алғышарттарын ғана өзгертеді, дәстүрлі микроэкономикалық талдау әдістерін әлеуметтік салаларды зерттеуде кеңінен қолданды.

      4. Жаңа институционалды экономика неоклассиканың постулаттарына тәуелсіз, ойындар теориясы, толық емес рационалдылық теориясы және индивидтер талғамының тұрақтылығын терістеу арқылы институттардың жаңа теориясын қалыптастырды.

      5. Ойындар теориясы арқылы институттар модельдерін құруда индивидтердің өзара тәуелділік жағдайлары, үйлестіру және іс-әрекетті сәйкестендіру мәселелері ескеріледі.

      6. Қарым-қатынастың базалық модельдері Нэш тепе-теңдігіндегі нүктелер саны олардың Штакельберг, Парето тепе-теңдіктерімен сәйкестігі немесе сәйкессіздігі бойынша ерекшеленеді.

      7. Институттар арқылы тепе-теңдікке қол жету аралас және эволюциялық стратегиялар арқылы тепе-теңдік нүктелері санының ұлғаюын білдіреді.

      Тақырыптың түйінді ұғымдары:

      – ақпараттық шығындар;

      – әдістемелік индивидуализм қағидасы;

      – институционалды детерминизм;

      – интерпретативті рационалдылық;

      – когнитивті шектемелер;

      – толық емес рационалдылық;

      – трансакционды шығындар;

      – холизм қағидасы;

      – фокальды нүктелер;

      – эмпатия;

      – экономикалық империализм;

      – ойындар теориясы;

      – таза үйлестірушілік ойындар моделі;

      – анықтаушы стратегия тепе-теңдігі;

      – қарым қатынас модельдері;

      – қайталанатын ойындар;

      – аралас стратегия;

      – эволюциялық-тұрақты стратегия.

      Бақылау сұрақтары:

      1. Қандай жағдайларға байланысты институционалды теорияның пайда

Скачать книгу