Институционалды экономика. Ғалия Даулиева
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Институционалды экономика - Ғалия Даулиева страница 4
Уэсли Митчелл (1874-1948) эмпирикалық институционализмді дамытты: нақты деректерге, суреттеме-статистикалық әдістерге көп көңіл бөлді. Оның зерттеулеріндегі басты орынға ақша айналымының мәселелері шығарылды, себебі Митчелдің ойынша, ақша – «экономика ғылымының тамыры». Осы негізде Митчелл ақшалы шаруашылықтың бір түрі ретінде қаржылық капитализмге оң көзқараста болды. Өзінің ұстазы болған Т. Вебленнен айырмашылығы Митчелл бизнесмендер мен қаржыгерлердің үстеме пайданы иемденуге ұмтылыстарын сынауды қажет деп санамады.
Митчелді барынша әйгілі еткен экономикалық циклдар саласындағы еңбектері болды («Экономикалық циклдар» (1913), «Экономикалық циклдар: мәселе және оның қойылымы» (1927)). Циклдардың талдауы акция бағаларының, бағамдарының өзгерістері және т.б. арқылы жүргізілді. Бұл зерттеулердің нәтижесінде автор кез келген дағдарыс және цикл қайталанбайды, өйткені олар әртүрлі қайталанбайтын себептермен анықталады деген тұжырым жасайды.
Джон Коммонс (1862-1945) – құқықтың экономикадан үстемдігін тұжырымдаушы институционализмнің әлеуметтік-құқықтық бағытының өкілі. Ол «Ұжымдық іс-әрекеттер экономикасы», «Институционалды экономика» (1934) сияқты еңбектердің авторы, бұл еңбектерінде партиялар, корпорациялар, кәсіподақтар сияқты «ұжымдық институттарды» талдайды.
Коммонс көптеген экономикалық құбылыстарды «мәміле» түсінігі арқылы қарастырды. Бұл ұғым үш элементті қамтиды:
1) жанжал, яғни мәміле жасаушылардың мүдделерінің қарама-қайшылығы, 2) жанжалға қатысушылар мүдделерінің өзара тәуелділігі немесе өзара байланыстылығы, 3) тәртіп, яғни жанжалдың тоқтатылуы және мәміленің жүзеге асуы. Коммонстың пікірінше, мәміленің, яғни заңды келісімнің көмегімен кез келген қарама-қайшылықты шешуге болады. Мәмілеге жиі қатысатын жеке-дара адамдар емес, керісінше ұжымдар: кәсіподақтар және кәсіпкер одақтары.
Жаңа институционалды теория. Дәстүрлі экономикалық теорияда (мэйнстрим) экономикалық агенттер әрекет ететін институционалды ортаға жеткіліксіз көңіл бөлінеді. Бұл кемшілікті жою талпынысы «жаңа институционалды теория» деп аталатын жаңа мектептің (неоинституционалды экономика) пайда болуына