Институционалды экономика. Ғалия Даулиева

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Институционалды экономика - Ғалия Даулиева страница 3

Институционалды экономика - Ғалия Даулиева

Скачать книгу

ережесі» қағидасына негізделеді. Шынайы мінез-құлық ережелері байқаулар және қателіктер жолымен әлеуметтік-экономикалық даму барысында іріктелінеді; индивидтер жоспарына неғұрлым сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында олардың сыртқы орта өзгерістеріне бейімділігі жоғары. Бұл ережелер белгілі бір жағдайларда үнемі қайталана отыра, кездейсоқ тәртіптің көрінісі болып табылады.

      Қазіргі уақытқа дейін «ескі» және неоинституционалды теориялардың дуализмі байқалады. Екі бағыт та неоклассикалық теория негізінде немесе оның әсерінде пайда болған. Егер институционалды ағымның бірінші бағыты (неоинституционалды экономика) неоклассикалық парадигманы зерттеудің барынша жаңа салаларын тарту арқылы кеңейтіп, тереңдетсе, екінші бағыт (жаңа институционалды экономика) «ескі» институционализмге көбірек жүгіне отыра, неоклассиканы жоққа шығарып, институционалды экономиканы қалыптастырды.

      Институционалды экономика маржиналды және тепе-теңдік талдау әдістерінен бас тартып, эволюциялық-әлеуметтану әдістерін кең қолданады. Экономиканы үнемі сыртқы ортаның әсерінде болатын эволюциялық ашық жүйе ретінде талдайды.

      1.2. «Ескі» және «жаңа» институционализмнің әдістемелік ерекшеліктері

      Сонымен, «ескі» институционализм экономикалық ағым ретінде ХІХ-ХХ ғасырлар кезеңінде пайда болды. Ол Даниэль Фридрих Лист, Густав Фон Шмоллер, Луйо Брентано, Карл Бюхер ірі өкілдері болып табылатын экономикалық теорияның тарихи бағыттарымен тығыз байланысты болды.

      Институционализмнің дамуынан бері қарай оған әлеуметтік қадағалау мен қоғамның араласу идеясы тән еді, яғни басты назарда экономикалық үрдістегі мемлекет болды. Бұл қоғамдық байлыққа экономиканы қатаң мемлекеттік реттеу арқылы жетуге болады деген пікірді ұстануымен қатар экономикадағы тұрақты байланыстар мен заңнамалардың барын жоққа шығарған тарихи мектеп өкілдерінің ізбасарлары болып табылады.

      «Ескі» институционализмнің көрнекті өкілдеріне Торстейн Веблен, Джон Коммонс, Уэсли Митчелл, Джон Кеннет Гэлбрейт жатады. Бұл аталған экономистердің еңбектеріндегі маңызды мәселелерге қарамастан, олар ортақ зерттеу жұмысын жаза алмады. Рональд Гарри Коуз атап өткендей, америкалық институционалистердің еңбектері ешқандай нәтиже бермеді, өйткені ол жерде материал көлемін сипаттайтын нақты теория болмады.

      Ескі институционализм «қатаң неоклассика ядросын» құрайтын ережелерді сынға алды. Оның ішінде, Т. Веблен экономикалық агенттердің мінез-құлқын түсіндіретін негізгі максимизациялау қағидасы мен ұтымдылық концепциясын жоққа шығарды. Талдау объектісі болып институттармен тапсырылатын мүмкіндіктері шектелген ортадағы адамдардың арақатынасы емес институттардың өздері табылады.

      Сондай-ақ ескі институционалистердің еңбектері экономикалық мәселелерге ұсынылған статистикалық, құқықтық, әлеуметтік зерттеулердің

Скачать книгу