Кәсіпкерліктегі менеджменттің көпфункционалды үлгілері. Қарлығаш Мұхтарова

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Кәсіпкерліктегі менеджменттің көпфункционалды үлгілері - Қарлығаш Мұхтарова страница 4

Кәсіпкерліктегі менеджменттің көпфункционалды үлгілері - Қарлығаш Мұхтарова

Скачать книгу

үшін шығындар мен пайдалар анализін жүргізеді. Дәрі дәрмекті рационализациялаудың осындай жүйесі даулы мәселе болып табылады. Бірақ, бас менеджерлердің тұжырымдауы бойынша ол кедей пациенттерді емдеудің әділ тәртібін құруға мүмкіндік беріп, емхананың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін бюджеттің қатаң шектеуліктерін сақтауға кепілдік болады.

      Көп жағдайда, классикалық үлгі шешім қабылдауға ең тиімді болып табылады, бірақ ол нақты ұйымдардағы нақты адамдар үшін қол жеткізбейтін арман болып қала береді. Бұл үлгі бағдарланатын шешімдерге және релевантты ақпарат менеджерлерге жетімді болған жағдайдағы, тәуекел мен сенімділікпен сипатталатын шешімдерге сайма сай. Мысалы, жаңа компьютерлік бағдарламалар бағдарланатын көптеген шешімдерді автоматтандырады, жекелеп алғанда, төлемдерді уақытында өтемейтін клиенттердің есеп шоттарын уақытша тоқтату; белгілі бір клиентке қолайлы ұялы байаныстың тарифтік жоспарын таңдау; сақтандыру жағдайларын нәтижелі қарастыру үшін сақтандыру бойынша арыздарды тіркеу.

      Әуе компаниялары автоматтандырылған жүйелерді билеттер бағасын, ұшу кестесін, жұмыс графигін оңтайландыру мақсатында қолданады. GE Energy Rentals менеджерлерге тәуекелді бағалауға және несие беру туралы шешім қабылдауға мүмкіндік беретін сатып алушылар туралы қаржылық және ұйымдастырушылық ақпаратты жинау жүйесін пайдаланады. Бұл жүйені қолдану арқылы GЕ бөлімі тапсырыстарды өңдеу уақытын қысқартып, шығындарды азайтып, қаржы ағымын оңтайлады. Бөлшектік сауда саттық саласында компьютерлік бағдарламалар бұрынғы және қазіргі сауда көлемін сараптап, Hote Deport және Оар сияқты компанияларға бағаларды қайда және қаншаға түсіру керектігі туралы шешімдерді қабылдауға көмектеседі.

      Компьютерлерді пайдалануды шарт қылатын шешімдерді қабылдаудың сандық әдістерінің дамуы классикалық әдістің қолданыс шеңберін кеңейтті. Сандық әдістер шешімдер ағашын құрудан, төлемдік матрицадан, шығынсыздық нүктелер сараптамасы, сызықтық бағдарламалау, болжау және операцияларды зерттеу үлгісінен тұрады. NВС теледидарлық жүйесі компьютерлік жүйелерді жарнаманы шығарудың ұтымдылықты кестесін құру үшін пайдаланады.

      NВС компаниясы. Телекөрермендер ^ВС каналын, ең алдымен, жаңалықтар мен ойын сауық бағдарламаларымен байланыстырады. Бірақ NВС дің менеджерлері үшін ең басты мәселелердің бірі жарнама кестесін оңтайландыру болып табылады.

      Жыл сайын менеджерлер жарнама берушілердің бағаға, мақсаттық аудиторияға, бағдарламалар жинағына, тағы басқа факторларға көзқарасымен үйлесімді болатын толық жоспар және жарнамалар кестесін құрастыру керек. Сонымен қатар, бұл кесте қолда бар ресурстардан (жарнамалық үзілістерден) максималды табыс алуды қамтамасыз ету керек.

      Жарнаманың графигін және жоспарын құру менеджменттің шектеулері, клиенттердің талаптары, эфир уақытының шектеуліктері, қарама қайшылыққа түсетін өнімдерді қолданумен байланысты шектеуліктер тұрғысынан күрделі мәсел болып табылады.

Скачать книгу