Кәсіпкерліктегі менеджменттің көпфункционалды үлгілері. Қарлығаш Мұхтарова

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Кәсіпкерліктегі менеджменттің көпфункционалды үлгілері - Қарлығаш Мұхтарова страница 8

Кәсіпкерліктегі менеджменттің көпфункционалды үлгілері - Қарлығаш Мұхтарова

Скачать книгу

Математикалық үлгінің және оның құрал ретінде бізге күрделі мәселелерді түсінуге мүмкіндік беретін сараптамалық қуатының мысалы – Эйнштейннің Е=тс белгілі формуласы. Егер Эйнштейн нақ жағдайды символдар алмастыратын осы математикалық үлгісін құра алмаса, бүгінгі күнде физиктерде материя және энергия арасындағы байланыс туралы идеясыболарболмасыбелгісіз.

      Математикалық үлгілер ұйымдастырушылық шешімдерді қабылдау барысында қолданылатын үлгілер типі. Сурет 2 С=РУ(0,01)+2500 үлгісімен сипатталатын шығындар және өндіріс көлемі арасындағы байланыстарды көрсетеді. Бұл үлгі бойынша, шығындар (С) өндіріс көлемінің (РУ) 0,01-ге көбейтіндісімен 2500 дің қосындысы болып табылады. Төменде келтірілген тақырыпта біз математикалық үлгілердің кейбір көп таралған түрлерін қарастырамыз. Ал басында үлгі құрудың негізгі кезеңдерін зерттеп шығайық.

      3. Менеджменттегі үлгілеу кезеңдері

      Үлгіні құру, басқару сияқты, процесс болып табылады. Процестің негізгі кезеңдері – мақсат пен мүддені таңдау, құру, дәлдікке тексеру, қолдану және үлгіні жаңарту.

      Мақсатты қою. Басқарушылық мәселені дұрыс шешуді қамтамасыз ететін үлгіні құрудың бірінші және ең маңызды кезеңі – мақсатты қою. Мәселенің өзі дәл анықталмаса, математика және компьютерді дұрыс қолдану еш пайда бермейді. Шеннон бойынша: «Альберт Эйнштейн мақсатты дұрыс қою оның шешімінен де маңызды деп айтқан. Қабылдарлық және тиімді шешімге келу үшін, мәселенің неден тұратынын білу керек. Бұл тұжырым қаншалықты қарапайым және айқын, бірақ басқару ғылымының тым көп мамандары анық нәрсені елемейді. Жыл сайын миллиондаған доллар қаржыны дұрыс қойылмаған мақсаттардың тереңойлы және елде жоқ шешімін табуға жұмсалады».

      Бұрын қорғаныс министрлігінде қызмет атқарған Чарльз Дж. Хитч былай деп айтқан: «Өзімнің жеке тәжірибемнен білетінім – жүйелі сараптама маманы үшін ең қиыны – сараптама техникасы емес. Іс жүзінде, қорғаныс министрлігі бюросында біз қолданатын әдістер қарапайым және заманауи да емес. Тиімді және өнімді сараптаушы мақсатты құру (жобалау) қабілеті».

      Басқару мәселенің бар екенін білгенімен, нақты мәселе анықталды деуге болмайды. Басқарушы симптомдарды себептерден ажырата білуі керек.

      Мысал ретінде, тапсырыстарын уақытында қанағаттандырмағаны үшін аптекалардан көптеген арыз қабылдайтын фармацевтикалық компанияны қарастырайық. Нақты мәселе, шын мәнінде, тапсырыстың кешігуінде емес. Мәселені зерттеу барысында тапсырыстар фирманың үш өндіруші өнеркәсібіндегі қиындықтардың нәтижесінде кешігетіні анықталды. Бұл материалдар мен қосалқы заттар қажеттілігін сапасыз болжау нәтижесіндегі химиялық реагенттер мен жабдыққа қажетті қосалқы бөлшектердің жетіспеушілігімен байланысты болған.

      Үлгіні құру. Дұрыс қойылған мақсаттан кейінгі процесс – үлгіні құру болып табылады. Құрушы (жобалаушы) басқарушыларға олардың алдында тұрған мәселені шешуге көмектесу үшін үлгінің басты мақсатын, шығыс нормативтерін және қандай қажетті ақпаратты алу керектігін анықтап алуы қажет. Егер жоғарыда

Скачать книгу