Кәсіпкерліктегі менеджменттің көпфункционалды үлгілері. Қарлығаш Мұхтарова
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Кәсіпкерліктегі менеджменттің көпфункционалды үлгілері - Қарлығаш Мұхтарова страница 11
Дәл осылайша, тасымал көліктері жүк түсіруін ұзақ күтетін болса, күніне орындауға тиісті тасымал санын орындай алмас. Осындағы негізгі мәселе – қызмет көрсетудің қосымша каналдарына жұмсалатын шығыстарды (тасымал көліктерін жүктен босату үшін қосымша адам жалдау, көбірек кассирлерді, жұмысшыларды жалдау) ұтымдылық деңгейінен төмен қызмет көрсету салдарынан орын табатын шығындарымен (тасымал көліктері қызмет көрсетудің баяулылығынан қосымша ерйс жасай алмайды, банк клиенттері басқа банкке есеп шоттарын ауыстырады) теңдестіру болып табылады.
Дональд Р. Плейн және Гэри Э. Кохенбергер бойынша:
«Қызмет көрсету каналдарының жетіспеушілігінің негізгі себебі тұтынушылардың қызмет көрсетуде қажеттіліктерінің жиіліктері және уақыттарының қысқа мерзімді өзгеруінде жатыр».
Кезектер теориясының үлгісі басшылықты қызмет көрсету каналдарының ұтымдылықты санын анықтау құралымен қамтамасыз етеді.
Қорларды басқару үлгісі ресурстарға және олардың санына тапсырысты орнату уақытын, ал қор бөлмелеріне дайын өнімді орналастыру үшін өнім массасын анықтау мақсатында қолданылады. Кез келген ұйым өндірісте немесе саудада шығындардың алдын алу үшін біршама көлеміндегі қорларға не болуы керек: құрғақ тазалауға – химикаттар, емханаға – дәрі-дәрмек, өндірістік фирмаға – шикізаттар мен бөлшектер, аяқталмаған өндіріс бұйымдары мен дайын өнім қорлары қажет.
Бұл үлгінің мақсаты – қор жинаудың теріс салдарын (белгілі бір шығындармен байланысты) минимумға шығару. Осындай салдармен байланысты шығындардың үш негізгі түрі бар: тапсырыстарды бекітуге байланысты, сақтауға байланысты, қорлардың өз көлеміне байланысты шығындар. Соңғысы қордың аяқталуы кезінде орын алады. Осы жағдайда дайын өнімді сату және қызмет көрсету мүмкін емес болады, және, өндірістік жүйелердің тұрып қалуымен байланысты шығындар пайда болады (жұмысшылар сол кезде жұмысістемесе де, олардың еңбегіне қаражат жұмсау қажеттілігі туындайды).
Қорларды жоғарғы деңгейде ұстау, олардың жетіспеушілігімен байланысты шығындардан сақтайды. Қорды құру үшін қажетті материалдарды көп мөлшерде сатып алу, көп жағдайда, тапсырыстарды орналастырумен байланысты шығындар көлемін минимумға шығарады, өйткені, фирма кейбір жеңілдіктерге ие болу мүмкіндігін алады және «қағаздың бетіндегі жұмыстардың» көлемін азайтады. Бірақ, осындай тиімділіктердің