Кәсіпкерліктегі менеджменттің көпфункционалды үлгілері. Қарлығаш Мұхтарова

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Кәсіпкерліктегі менеджменттің көпфункционалды үлгілері - Қарлығаш Мұхтарова страница 10

Кәсіпкерліктегі менеджменттің көпфункционалды үлгілері - Қарлығаш Мұхтарова

Скачать книгу

Сыртқы орта қозғалмалы болған жағдайда, ол туралы ақпаратты жылдам жаңарту керек, бірақ ол іске асырылмас немесе тиімді емес болуы мүмкін.

      Кейде үлгі құруда өзекті аспектілер өлшеуге жатпайтындықтан еленбей қалуы мүмкін. Мысалы, жаңа технологияның тиімділігін анықтау үлгісі, оған тек мамандандырудың өсуімен байланысты шығындардың төмендеуі туралы ақпарат енгізбесе, дәл емес үлгі болады. Болжауға және өлшеуге жатпайтын жұмысшылардың психологиялық әсері де өнімділікке ықпалын тигізеді. Жұмысшыларға жаңа процесс ұнамаса, жұмысқа қатынаспаушылық, кадрлар ағындылығы, өндірістік жүйелердегі қайшылықтар сияқты факторлармен байланысты шығындар өнімділіктің артуына кесірін тигізеді.

      Жалпы айтатын болсақ, белгісіздік жағдайында үлгіні құру қиынға соғады. Қажетті ақпарат, объективтілік тұрғысынан қол жеткізбейтіндей анық емес болса, онда басқарушыға, мүмкін, өз тәжірибесіне, түйсігіне, шешім қабылдау қабілетіне, кеңесшілер көмегіне сүйенген тиімдірек болады.

      Тұтынушының қорқынышы. Үлгіні қолданбаса, оны тиімді деп есептеуге болмайды. Үлгіні қолданбаудың негізгі себебі, ол арналған басқарушылар, үлгі арқылы алынатын нәтижелерді түсінбей, оны қолдану қорқынышы болып табылады. «Форчун» журналының өндіріс саласындағы 500 фирманың вице президенттері арасында жүргізген сауалнамасына сүйенсек, вице президенттердің басқару ғылымының үлгілерін қолданудағы негізгі қиындық – осы саладағы білімнің жетіспеушілігінде екендігі көрінеді.

      Зерттеушілер тобы, осы қиындықтың алдын алу мақсатында сараптаудың сандық әдістерінің мамандары басқарушыларды үлгілерді қолдану кезегі мен мүмкіндіктерімен таныстыру үшін көбірек уақыт бөлгендері жөн деген тұжырымға келді. Басқарушылар үлгіні қолдануға дайын болулары керек, ал жоғары буын басқарушылары ұйымның сәттілігі және басқарушылардың ұйымның жұмысын тиімді жоспарлау мен қадағалауына үлгілердің тигізетін әсері туралы айтып отыруы керек.

      Тәжірибеде аз қолдану. Зерттеулер қатарына сүйенсек, басқару ғылымы шеңберіндегі үлгілеу әдістерінің деңгейі үлгілерді қолдану деңгейінен әлде қайда жоғары екендігі көрінеді. Жоғарыда аталып кеткендей, осындай жағдайдың негізгі себептерінің бірі – қорқыныш. Басқа себептер – бұл біліктіліктің жетіспеуі және өзгерістерге қарсылық. Бұл мәселе үлгіні құру барысында штабтық мамандардың тұтынушыларды қатыстыру өзектілігін көрсетеді. Адамдар мәселені, әдісті немесе өзгерісті талқылау және түсіну мүмкіндігіне ие болғанда, олардың қарсылығы төмендейді.

      Аса қымбат құн. Басқарудың басқа әдістері сияқты, үлгіні қолданудың тиімділігі оның құнын толығымен өтеу керек. Үлгілеуге жұмсалатын шығындарды жоспарлау барысында басқарушы жоғарғы және төмен буындағы жетекшілердің үлгіні құруға, ақпаратты жинауға, оқытуға жұмсаған уақыттарын, шығындарын, ақпаратты өңдеу және сақтау құнын ескеру керек.

      4. Менеджмент жүйесіндегі үлгілер

Скачать книгу