Кәсіпкерліктегі менеджменттің көпфункционалды үлгілері. Қарлығаш Мұхтарова

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Кәсіпкерліктегі менеджменттің көпфункционалды үлгілері - Қарлығаш Мұхтарова страница 9

Кәсіпкерліктегі менеджменттің көпфункционалды үлгілері - Қарлығаш Мұхтарова

Скачать книгу

жиілікпен сатып алу қажеттілігі туралы ақпаратпен қамтамасыз ететін болса, онда оны тиімді үлгі деп есептеуге болады, өйткені шығыс ақпараты басшылыққа жеткізілімдерінің кешігу мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

      Үлгіні тексерудің жақсы тәсіл – оны өткен жағдайларда тексеру болып табылады. Фармацевтикалық компания өз үлгісін соңғы үш жыл ішіндегі қорлар мәселесін шешуде тексеруі мүмкін. Егер үлгі дәл болса, онда қор мәселесінің шешімі кешігуге әкелген себептерді дәл, нақты сандық және уақыт көрсеткіштерімен анықтайды. Сонымен қатар, үлгі арқылы алынған ақпаратты басшылық өндірістік қиындықтар және кешігулерді жою үшін қолдана алады.

      Үлгіні қолдану. Дәлдікке тексеруден кейін үлгі қолдануға дайын. Шеннон айтқандай, басқару ғылымының ешбір үлгісін «тәжірибеде қолданып, түсініп, қабылдабанғанша, сәтті құрылған деп есептеуге болмайды». Көп жағдайда бұл үлгі құру барысындағы ең қобалжырлық сәттер болып табылады. Корпоративті деңгейде операцияларды сараптаумен айналысатын бөлімдердің зерттеулері бойынша, басқару ғылымы үлгілерінің 60 % ғана толық масштабта қолданылды. Басқа зерттеулерге сүйеніп, американдық корпорациялардың жетекшілері және батыс еуропалық маркетингтік басқарушылар шешім қабылдау барысында үлгілерді кеңінен қолданбайтынын атап кетуге болады. Жетекшілердің үлгілерді толық масштабта қолданбаудың басты себебі, мүмкін, олардың үлгілерді түсінбеуінде немесе қауіптенулерінде жатыр.

      Басқару ғылымының үлгілері штабтық қызмет мамандарымен даярланатын болса (көп жағдайда осылай болады), онда үлгі арналған сызықтық деңгейдегі басқарушылар одан алынатын ақпаратқа талаптар және жалпы мақсатты қою процесіне қатысулары керек. Зерттеулер бойынша, осы жағдайда үлгілердің қолданылуы 50 % ға өседі. Одан басқа, осындай басқарушыларға үлгінің қалай жұмыс істейтінін, оның мүмкіндіктері мен шектеуліктерін түсіндіру керек.

      Үлгіні жаңарту. Үлгіні қолдану сәтті жүрсе де, ол бәрібір жаңартуды қажет етеді. Басшылық шығыс ақпарат нысанының түсініксіздігін байқауы немесе ақпаратты толықтыру қажеттілігін тұжырымдау мүмкін. Егер ұйым мақсаттарының өзгеруі шешімдерді қабылдау критерийлеріне әсер тигізетін болса, онда үлгіні өзгертіп түрлендіру қажет. Дәл осылай, сыртқы ортадағы өзгерістер, мысалы жаңа тұтынушылардың, жеткізушілердің немесе технологиялардың пайда болуы, үлгі құрылу барысында қолданылған бастапқы ақпаратты құнсыздандыруы мүмкін.

      Шешім бағдарланатын немесе бағдарлануға жатпайтындығына тәуелсіз, менеджердің шешім қабылдаудың классикалық, әкімшілдік немесе саяси үлгілерін таңдауына тәуелсіз шешімді қабылдау процесі алты кезеңнен тұрады (сурет 3 қара):

      3-сурет. Басқарушылық шешімдерді қабылдау процесінің негізгікезеңдері

      Шешімдерді қабылдау әдістері. Басқаруда қолданылатын шешімдерді қабылдау әдістерінің кез келгенін техникалық тұрғыдан үлгілеудің түрі деп қарастыруға

Скачать книгу