Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап - Коллектив авторов страница 2

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап - Коллектив авторов

Скачать книгу

да кездесетініне қарамастан осы үдерістерден тарихи сабақтастықты іздестіру қолға алынбай отыр.

      Қазақстан жерінде байырғы дәуірлерде мекендеген халықтардың қазіргі қазақ халқын қалыптастырудағы орны мен маңызы жүйелі түрде баяндалуы керек еді. Әр түрлі тайпалық одақтар шын мәнінде қазақ халқын құраған рулар мен тайпалардың тарихи бастаулары болып табылатынын күні бүгінге дейін жеріне жеткізіп айта алмай отырмыз. Сондықтан да шетелдік зерттеулер қазақ халқының тарих сахнасына шығуын қазақ этнонимі пайда болған XV ғасырдың ортасынан бері қарай қарастырады. Біз ұсынып отырған оқулықта осы кемшілікті жоюға байланысты зерттеулер мен ой-пікір, тұжырымдар басшылыққа алынып, қазақ халқының ежелгі этникалық тарихы кейінгі кезеңдермен байланыстырыла баяндалды.

      Қазіргі кезеңде кейбір саясаткерлер, шетелдік зерттеушілер тәуелсіз Қазақстанға дейін қазақ халқында мемлекеттілік болған жоқ деген пікірді айтуда. Зерттеушілердің арасында Қазақстан аймағын Қырғыз қағанатының, Моңғол империясының немесе Ұйғыр қағанатының құрамындағы саяси құрылым ретінде қарастырып жүргендер де бар. Қазақ жерінің едәуір бөлігін Қытай мемлекетінің құрамына енгізіп, осылайша тарихты бұрмалап оқытатын шетелдіктер де кездеседі. Осындай әрекеттердің бәрі – Қазақстан жеріндегі ежелгі және орта ғасырлардағы мемлекеттік құрылымдардың (әр түрлі елдердің, қағанаттардың және ордалардың) тарихын сабақтастықта және жүйелі түрде қарастырмаудың салдары. Өкінішке орай, ең алдымен мұндай мемлекеттік құрылымдардың этникалық және саяси-әлеуметтік жалғастықтары, тығыз байланыстары назардан тыс қалып келеді. Сонымен бірге, әлі күнге дейін қазақ хандығының құрылу мерзімі зерттеушілердің өз арасында алуан түрлі пікірлер туғызуда. Біздің ойымызша, бұл мәселеде әйгілі тарихшымыз Мұхаммед Хайдар Дулатидың атап көрсеткен тарихи мерзіміне тоқталған жөн.

      Тарихымызда отарланған Қазақстанның және ондағы ұлт-азаттық қозғалыстарының сипатын жаңа көзқараспен, ұлттық мүдде тұрғысынан қарастыру да жетіспей жатыр. Кеңестік тоталитарлық жүйе жылдарындағы жазалау механизмінің Қазақстандағы өзіндік ерекшеліктері де толық баяндалып біткен жоқ. Осындай тарихи олқылықтардың орнын толтыратын тарихымызды шынайы да объективті жаңа көзқараспен баяндайтын оқулықты тарихшы мамандарға ұсыну – бүгінгі күннің аса өзекті мәселесі. Яғни қолда бар зерттеулерді және тарихи деректерді сыннан өткізу арқылы жоғарыдағыдай кемшіліктерді тарихымызда жоюға бағытталған іс-әрекеттерге баруымыз керек. Онсыз тәуелсіз Қазақстанның қадір-қасиетін, халқымыздың тағдырындағы тарихи маңызын айқын түсіну қиын.

      Сондықтан да осындай аса өзекті мәселелерге түсіністікпен қарай отырып, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының ғалымдары мен оқытушылары жаңа оқулық жазуды қолға алды. Біз бұл оқулық тарихты баяндаудың үздік үлгісі деп айтудан аулақпыз. Десек те, егер де жоғарыда аталған және тағы да басқа тарихымыздағы қиыншылықтар біз ұсынып отырған осы оқулықта едәуір жөнделген болса

Скачать книгу