Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап - Коллектив авторов страница 6

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап - Коллектив авторов

Скачать книгу

(б.з.д. 40 мыңжылдықтан – 3.6. д. 12 мыңжылдыққа дейін). Бұл кезеңде адамдарды жерлеудің белгілі бір тәртібі, әдет-ғұрпы қалыптасты. Ал мұның өзі сол кезеңдегі діни түсініктердің орнықты түрде қалыптасуын да көрсетеді. Адамзаттың діни көзқарастары бойынша ертеде табиғат пен адамның өзара тұтастығы мойындалып, яғни адам табиғат күштері алдында дәрменсіздік танытып, оған мойынсұнумен болды. Мұның өзі тотемизмде, фетишизмде, анимизмде және магияда көрініс тапқан. Өзара қатынас құралы – тілдің дамуы адамның шаруашылық қызметінің дамуымен ұштасып, қатарласа жүзеге асты. Осы кезеңдегі жақсы зерттелген ескерткіштерге Шығыс Қазақстандағы Шульбинка тұрағы, Оңтүстік Қазақстандағы көп қабатты Ш. Уалихановтың атындағы палеолит тұрақтары және жаңадан ашылған Майбұлақ тұрақтары жатады.

      Археологиялық зерттеу нәтижесінде Оңтүстік Қазақстаннан табылған төменгі палеолитке жататын олжалардың дайындау әдісі, материалдары тұрғысынан Азия мен Африка аумағынан табылған заттарға өте ұқсас және бірегей болып келуі де еріксіз ойландырады. Бұл мәліметтер Қазақстанның төменгі палеолитте адамзаттың қалыптасуы мен даму аймағына, көшу жолдарына тікелей қатысы бар екендігін тағы да дәлелдейді.

      Бұдан шығатын қысқаша қорытынды: Солтүстік Африкадан шығысқа беттеген ежелгі адамдар Қазақстан арқылы Еуропаға және Шығыс Сібірге, онан ары Аляскаға және Америка құрлығына қоныстанды. Бұл кезеңде Қазақстан аумағының климаты жылы және ылғалды, өсімдігі жайқалған, фаунасы алуан түрлі жэне бай болды. Ал іуіұнын өзі ежелгі адамның, яғни гомоэректустың өмір сүруіне және көрші аймақтарға көшіп-қонуларына қолайлы жағдайлар қалыптастырды.

      Жоғарыда айтқанымыздай, адамзаттың дамуының келесі кезеңі, Қазақстан аймағын кейінгі палеолитте мекендеген «ақылды адам» – «хомо сапиенстің» тарих сахнасына шығуымен ерекшеленетінін ұмытуға болмас. Зерттеушілер мұндай адамды алғаш рет Кро-Маньон үңгірінде (Франция) тауып оны осы үңгірдің атымен Кроманьон адамы деп атады. Оның өмір сүрген кезеңі

      6.3. д. 50-45 мың жылдардан 10 мыңыншы жылдыққа дейін созылды. Бүгінде Кроманьон адамының негізгі құралдары найза, шоқпар, шанышқы және жебелі садақ болғаны айқындалып отыр. Яғни, бұл заманда еңбек құралдары айтарлықтай жетілдірілді.

      Алғашқы адамдар о баста үңгірлерде тұрып, біртіндеп жер бетінде жер үйлер жасауға көшті. Тас дәуірінде алғашқы өнердің үлгілері де пайда болды. Алғашқы мүсіншілер тастан және мамонттың мүйізінен мүсіндер жасайтын болып машықтанды. Әр түрлі қияли ой-толғаныстарға берілген олар, үңгірлердің қабырғаларына алуан түрлі суреттер мен бейнелер салып тастады. Сүйекті жонып, қашап кескіндер жасауды меңгерді. Олар күнкөріс қамымен табиғи ортаға бейімделе отырып, жабайы аңдарды қолға үйретті, дән ұрықтарынан өсімдік өсіруді меңгерді.

      Қазақстанда тас дәуірінің зерттелуі. Тас дәуірін зерттеуде қазақстандық ғалымдар айтарлықтай елеулі еңбек сіңірді. Алғашқы тас құралдарының

Скачать книгу