Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап - Коллектив авторов страница 7

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап - Коллектив авторов

Скачать книгу

Қазақстан экспедициясы ҚазССР ҒА ТАЭИ А.Х. Марғұланның7 басшылығымен, Шығыс Қазақстанда С.С.Черников басшылығымен экспедиция жұмыс істеді. Қаратау бөктерінің ауданында 1957 жылдан бастап 1977 жылға дейін Х.А. Алпысбаевтың8 басшылыгымен зерттеу тобы жұмыс жасады, олар көптеген тас дәуіріне жататын тұрақтарды ашқан, соның ішінде ерекше көп қабатты Ш.Уәлихановтың атындағы тұрақты ашты.

      1960-80 жылдары Қазақстандағы палеолит кезеңі ҚазССР ҒА Қ.И.Сатпаев атындағы геологиялық ғылымдар институтында А.Г. Медоевтің басшылығымен зерттелінді. 70-80 жылдары Ж.Қ. Таймағамбетов, Б.Ж. Аубекеров, В.Ф. Зайберт, О.А. Артюхова, В.С. Волошин, В.Н. Логвин тәрізді зерттеушілер тас дәуірінің әр кезеңдеріндегі ерекшеліктерін анықтай отырып, ескерткіштер шоғырланған аудандардағы көне тұрақтардың ара қатынасына байланысты тереңдетілген ғылыми пікірлерді ұсынды.

      Алпысбаев Хасан Алпысбайұлы (1928-1978 жж.)

      1991 жылдан бастап Қазақстан тәуелсіздік алған кезде тас ғасырын зерттеудің соңғы төртінші кезеңі басталды. Бұл кезеңнің өзіндік ерекшелігі ретінде зерттеушілердің тас дәуірі тұрақтарына жан-жақты жеке талдаулар жүргізуін, жаңа тұрақтардың көптеп ашылуын, археологтардың зерттеу жұмысында палеонтолог, палинолог, палеопедолог, гидролог тәрізді мамандықтардың жетістіктерін өз зерттеулерінде пайдалануы айқын байқала бастады. Бұл кезеңнің тағы бір үлкен жетістігі – тас дәуірін зерттейтін археология ғылымының республикалық шеңберден шығып халықаралық ауқымда жұмыс жасауы, яғни халықаралық археологиялық экспедициялардың Қазақстан жерінде жұмыс жасай бастауы болып табылады.

      Профессор Ж.Қ. Таймағамбетов өзі негізін қалаған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың палеолит мұражайында

      Ж.Қ. Таймағамбетовтың бастамасымен және жетекшілігімен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 2000 жылы ТМД елдерінің арасында тұңғыш палеолит мұражайы ашылды, онда бүкіл Қазақстан аумағынан 600 мыңға жуық артефактілер жинақталған.

      Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі тұңғыш палеолит мұражайының экспонаттары

      Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі тұңғыш палеолит мұражайының экспонаттары

      Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі тұңғыш палеолит мұражайының экспонаттары

      Төменде Қазақстан аумағында орналасқан Палеолит дәуірінің негізгі ескерткіштері ұсынылып отыр9.

      1. Пещера, 2. Ново-Никольское, 3. Қозыбай, 4. Шүлбі, 5. Маралды, 6. Құдайкөл, 7. Ақсу 5-6, Нұрмамбет, 8. Сілеті-1,9. Павловка-1, 10. Вишневка, 11. Елизаветовка, 12. Үлкен Құндызды, 13. Ақ-Берек, Қызылтас, 14. Буревестник, 15. Баршын 1-3, 16. Жанбөбек 1-5, 17. Бекелі-Бөлек-1, 18. Есенқабыл-бұлақ-1, 19. Батпақ кешендері, 20. Аққошқар, 21. Влогодоновка, 22. Ангрейсор-1-2, 23. Екібастұз кешендері, 24. Қойтас, 25. Мұзбел-1-3, 26. Обалысан 1-2, 27. Азат, 28. Қазбек-1-2, 29. Қосмола, Жарқұм, 30. Ағайдар, 31. Каменка, 32. Мамай, 33. Өгізтау 1-2, 34. Ақтоғай 1-4, 35. Хантау, 36. Бірлік, 37. Саяқ, 38. Семізбұғы

Скачать книгу


<p>7</p>

Энциклопедист-ғалым, археолог, филология ғылымдарының докторы, Бүкілодақтық географиялық қо- ғамның мүшесі, ҚазКСР ҒА академигі, профессор, ҚазКСР ғылымға еңбек сіңірген қайраткер, қазақ ар- хеология мектебінің негізін салушы, көптеген ғылымдар (этнография, шығыстану, тарих, әдебиеттану, мәдениеттану) саласындағы көрнекті тұлға.

<p>8</p>

Оңтүстік Қазақстанда палеолит мәдениетінің орталығын алғаш ашқан. Ол ең алғаш рет бүгінде бар- шаға мәлім көпқабатты Ш. Уәлиханов атындағы тұрақ (ОҚО Бәйдібек ауданы) пен бұрын кездеспеген неолит үңгірін – Қараүңгір тұрағын (ОҚО Түлкібас ауданы) ашты. Алғашқылардың бірі болып Х.А. Ал- пысбаев Қазақстан территориясы ежелгі адамның өмір сүрген орталығы болған деген болжам жасады.

<p>9</p>

Таймағамбетов Ж.Қ., Байгунаков Д.С. Қазақстанның тас дәуірі (зерттелу тарихы мен негізгі мәселелері). – Алматы: Қазақ университеті, 2008. – 247-б.