Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап - Коллектив авторов страница 11

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап - Коллектив авторов

Скачать книгу

Қазақстан даласының солтүстік шебіндегі, Оралдың төңірегіндегі және Батыс Сібірдің іргелес аудандарындағы тұрмыс-тіршілігі және шыққан тегі жағынан туыстас тайпалардың негізінде қалыптасқан деп есептейді. Айта кетер бір мәселе, сол уақыттың өзінде-ақ мал өсіру, қарапайым егіншілік және кен істерінің бастапқы нышандары адамдарға мәлім болатын. Үй жанында мал бағу мен алаңқайларда кетпенмен егін салудың одан әрі өркендеуі отырықшылықтың кең етек жаюына, үй кәсіпшіліктерінің шығуына, металлургияның дамуына әкелді. Ұлан-ғайыр далалық аймақта осы материалдық игіліктерді шығаратын әр түрлі орындардағы үдерістердің шамамен бір деңгейлес болуы андронов мәдениетінің өзіне тән ерекшеліктерінің қалыптасуына, қоғамның әлеуметтік құрылымының өзгерістеріне жеткізді.

      Күні бүгінге дейін зерттеушілер арасында андронов қауымының тарихындағы күрделі сондықтан да пікірталастар туындататын мәселелердің бірі тұрғындардың этникалық тегін анықтау болып табылады. Осыған қатысты бірнеше пікірлер бар. Солардың бірі андроновтықтарды финн-угор этникалық тобына жатқызады. Бірақ кезінде зерттеушілердің көбі андроновтықтарды үнді-ирандықтарға немесе арийліктерге жатқызған. Соңғы кездері тәуелсіздіктің белең алуына сәйкес, кейбір зерттеушілер бұрынғы еуроцентристік көзқарастардан бас тартып, андроновтық тайпаларды түркітілдестер деп болжам жасауда. Көне еуразия даласында өмір сүрген андронов тайпаларының даму тарихына тиянақты зерттеулер жүргізілуінің нәтижесінде, нақтырақ айтар болсақ, ежелгі қола дәуіріне жататын Синташта және Арқайым (б.з.б. XVІІІ-XVI ғғ.) сияқты қалашықтардың ашылуы мен ғылыми зерттелуі бұрынғы пікірлерге принципті түзетулер мен өзгерістер енгізді.

      Қазақстандағы андро нов мәдениеті нің негізгі орындары және кезеңделуі. Андронов мәдени-тарихи қауымдастықтың құрылуы мен қалыптасуы бірнеше жүзжылдықтарға, б.з.б. сонау III мыңжылдықтан бастап II мыңжылдыққа дейін созылды. Қазақстан аумағында андронов мәдениеті б.з.б. ХVI-ХV ғғ. бірегей қауымдастықтың көрсеткіші ретінде қалыптасты. Бұл бірегейлікке Алакөл және Федоров мәдениеттері де кірді. Алакөл мәдениеті Орталық жән Батыс Қазақстанға кең тарады, ал Федоров мәдениеті Шығыс Қазақстан аумағында тарады. Ал енді Орталық Қазақстанда және Жетісуда аталған екі мәдениеттің белгілері бір уақытта тоғысты. Одан әрі қарай осы мәдениетті ұстанған тайпалар Қазақстан территориясынан шығысқа қарай, оңтүстікке таралып, ақырында Иранға дейін қоныс аударды.

      Андронов мәдениеті үш кезеңге бөлінеді: оның алғашқысы – б.з.б. ХVIII-ХVI ғасырлардағы ерте қола кезеңі, екіншісі – б.з.б. ХV-ХII ғасырлардағы орта қола кезеңі, соңғысы – б.з.б. XII ғасырдан басталып VIII ғасырды қамтитын соңғы қола дәуірі.

      Орталық Қазақстанда андронов мәдениетіне жататын 50-ге жуық қоныс пен 150 ірі қорым табылды. Бұлардың өркендеуіндегі ерте кезең – Нұра кезеңі болып есептеледі, себебі бұл мәдениет ошақтары Нұра өзенінің алқабында табылған. Келесі, орта

Скачать книгу