Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап - Коллектив авторов страница 13

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап - Коллектив авторов

Скачать книгу

кеңінен қарастырылған. Мұның өзі осы аймақта болған алапат соғыстарды бейнелейтін тәрізді. Бұл ескерткіштерді М. Қадырбаев бастаған ҒА-ның экспедициясы 1970 жылы алғаш рет зерттеген еді. 1980 жылы бұл зерттеулерді әйгілі археолог З. Самашев жалғастырды.

      Қаратау петроглифтері. Бұл ескерткіштер атынан көрініп тұрғандай Қаратаудың үңгірлері мен қойнауларында кездеседі. Ең алғаш оларды зерттеуді Түркістандағы археология үйірмесінің мүшелері бастаған еді. Кейіннен бұл маңайдағы осы ескерткіштер М. Қадырбаев, А.Н. Марьяшев, З. Самашев және т.б. зерттеушілердің назарын аударды. Осындай ізденістердің нәтижесінде осы маңайдағы бірнеше мыңдаған суреттер ғылыми айналымға қосылды. Олардың ішінде жоғарыда арнайы айтылған Арпа өзеніндегі петроглифтердің өздері 3 500 бейнені қамтиды және Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында орналасқан саны осыған жуық көптеген бейне суреттер Қойбағар петроглифтерінде кездеседі. Ол Сызған елді мекенінің маңайында орналасқан. Сондай-ақ, Бурное станциясының маңындағы Габаев петроглифі және Созақ ауданындағы Қошқар ата петроглифтері бірнеше жүздеген оқиғаларды бейнелеген. Қаратау петроглифтері жақпар жартастарда діни түсініктерді және дәстүр-салттарды, сондай-ақ көшпелі тайпалардың тұрмыс-салт әдет-ғұрыптарын кеңінен бейнелеген. Онда жабайы аңдар мен түйе тәрізді қолға үйретілген жануарлар, тауешкіні қуалаған аң аулаушы иттер, аң аулауда қолданылған садақ тәрізді құралдар, және батырлардың өздерінің жекпе-жекке шыққанда қолданатын қылыштары мен шоқпарлары кеңінен көрініс тапқан. Осы маңда өткен ұрыстарды бейнелейтін бұл суреттерде әсіресе ұрыс арбалары көптеп кездеседі15.

      Тамғалы тас петроглифтері. Бұл ескерткіштердің жиынтығы Шу, Іле тауларының оңтүстік шығыс жағында орналасқан. Онда ежелгі ескерткіштердің және петроглифтердің 100-ге жуық түрі кездеседі. Тарихи кезеңі б.з.д. ХІV-ХІІІ ғасырлардан ХІХ-ХХ ғасырларға дейін келеді. Ескерткіштің алып жатқан аумағы 1200 шаршы метрге дейінгі аймақты қамтиды. Мұнда ежелгі қабірлер көптеп кездеседі және олар қола дәуіріне жатады. Сонымен бірге осы қабірлердің бірнешеуінде Тамғалы өзенінің жағасындағы Тамғалы 2 және Қарақұдық 2 тәрізді тарихи орындарда ежелгі петроглифтер кездеседі. Бұл қабір қорғандарды кезінде, 1958 жылы А.Г. Максимова зерттеп, оларды б.з.д. ІІІ – б.з.д. ІІ ғасырларға жатқызған еді. 1986 жылы Тамғалы 6 қорғанында қазба жұмысы жүргізілді. Онда табылған ыдыстар және қола айна, зерттеушілердің пікірінше, б.з.д. V-ІV ғасырларда жасалған. Тамғалыдағы петроглифтердің жалпы саны 5000-ға жуық екені анықталып отыр.

      Қапшағай петроглифтері. Бұл петроглиф ескерткіштері Алматыдан 100 км қашықтықта Іле өзенінің аймағына орналасқан. Ондағы суреттер 18 тасқа бейнеленген. Зерттеушілер Г.В. Фишер, А.Н. Никольский, Н.Н. Пантусов, А. Позднеев ХІХ ғасырдың өзінде-ақ бұл ескерткіштерге назар аударған екен. Зерттеулер бұл петроглифтердің б.з.д. ІІ ғасырдан бастап салынып, ХІІ ғасырға дейін жалғасқанын көрсетіп отыр. Мұнда негізінен құлшылық етіп, табынып жатқан адамдар және ежелгі

Скачать книгу


<p>15</p>

История Казахстана: энциклопедический справочник. – 311-312 с.