Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап - Коллектив авторов страница 17
Осылай бола тұрса да, қазіргі еуроцентристік тарихта көшпелілер өздері жалқау, қабілетсіз болғандықтан және өркениетке ұмтылмағандықтан артта қалды дейтіндер де бар. Тарихи деректер мұндай ұстанымдарды да теріске шығарады. Мысалы, қытайдың қысымына төтеп бере алмаған шығыс түркілерінің тайпа көсемдері кезінде бірнеше қағанға кеңесші болған Тоныкөк данаға жүгініп, көшпеліліктен бас тартып, «қытай құсап егін егіп, қамал тұрғызалық» деген ұсыныспен келген еді. Сонда Тоныкөк оларға саны әлдеқайда көп қытайлықтардың мұндай отырықшы мекендерді қоршап алып, халықты жойып жіберетінін, саны көп жауынан орман-тоғайға, таутасқа қашып тығылып, оңтайлы жерде қарсы соққы берген көшпелілердің әскери өнерінің түріктерді аман сақтап отырғанын ескерткен еді. Осылайша, әрқашан соғысқа шақырып тұратын саяси күрделі ахуалға байланысты түріктер отырықшылыққа көше алмады. Ал мұны надандық деп бағалау әділетсіздік емес пе?
Жалпы адамзат тарихында зерттеушілер көшпенділік барысында қалыптасқан байырғы сақтардың, сарматтардың және ғұндардың рулық-тайпалық бірлестігін ертеректегі көшпелілер деп сипаттайды және олардың адамзаттың материалдық және рухани мәдениетіне қосқан үлесін мойындайды. Мысалы, киіз үйдің қалыптасуы және ат-әбзелдерінің, үзеңгінің пайда болуы, көлік ретінде ат арбалардың дамуы, көшпелілер пайдаланған соғыс өнерінің құрал-жабдықтарының жетілдірілуі және т.б. көшпелі қоғамның материалдық мәдениетіндегі жетістіктерді айқын көрсетеді. Ал енді ежелгі орта ғасырлардағы көшпелілердің кейінгі көшпелілерге жататындары белгілі. Көшпеліліктің осылай дамуы рухани