Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап - Коллектив авторов страница 18

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап - Коллектив авторов

Скачать книгу

халықаралық ауқымдағы және қазақстандық әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардағы зерттеушілердің әр түрлі ұстанымдары мен көзқарастарының орын алулары бұл мәселенің де әлі толық зертеле қоймағанын байқата түседі. Сондықтан да бұл мәселе сан-саққа жүгіртілуде. Қазіргі ғылымға өркениеттің 11 түрі (типі) белгілі. Оларды атап жатқанды жөн көрмейміз. Алайда өкінішке орай, өркениет мәселелерін зерттеуде батыстық зерттеушілер У. Ростоудың, Д. Беллдің, Э.Тоффлердің еуроцентристік, яғни технократтық көзқарастарын жақтайтындар арамызда әлі бар. Олардың адамзат өркениетін үшке: аграрлық (индустриядан бұрынғы), өнеркәсіптік, яғни индустриялық, информациялық (индустриядан кейінгі) деп жіктегені белгілі.

      Ал енді осындай өркениеттік даму сатыларын қазақ тарихына қолдана аламыз ба? Әрине, жоқ. Бұдан гөрі бізге кезінде Рено Генон ұсынған өркениет сатылары әлдеқайда жақындау болып көрінеді. Ол бойынша өркениет сатылары басқаша, үшке: дәстүрлі, индустриялық, постиндустриялық немесе информациялық болып жіктелетін болса, біз әрине, қазақтың көшпелілер өркениетін дәстүрлі өркениетке жатқызамыз. ХХ ғасырдың орта шенінен бастап осы Рене Генонның «Шығыс – артта қалудың және тұрақсыздықтың аймағы емес, керісінше рухани құндылықтардың бай қайнар-бұлағы» деген пікірі еуроцентристер мен формациялық ұстанымды жақтайтындарға қарсы қойыла бастады. Қалай десек те бұл шынында да «Карл Маркстің қауға сақалын мүлде қырып тастайтын» өркениеттік ұстаным екені сөзсіз. Алайда, жоғарыда атап кеткеніміздей, маркстік формациялық принциптерді теріске шығаратын еуропалық ғалымдардың өркениеттік ұстанымдарының бәрі қазақ тарихына қолайлы дер болсақ, қатты шатасар едік. Алысқа бармай-ақ, өзімізге көрші Ресейдің ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген ойшылы С. Десницкийдің өркениеттік сатыларын қазақ халқының дамуына «өлшеп» көрелік. Ол адамзат өркениеті дамуын төрт сатымен белгілеуді ұсынды ғой. Атап айтар болсақ, олар: жабайылық, бақташылық, диқаншылық, сауда-саттық. Жалпылама тұрғыдан қарағанда мұндай ұстаным негізсіз емес. Алайда, қазақтың дәстүрлі өркениетінде бәріміз білетіндей, бақташылықтың да, диқаншылықтың да, сауда-саттықтың да әр түрлі элементтері мен белгілері аралас кездеседі ғой. Бұл біздегі дәстүрлі өркениеттің өзіндік ерекшеліктері.

      Қазақ өркениетін зерттеудегі осындай қиыншылықтар қазақ зерттеушілерін де осы тұрғыда әр түрлі пікірлер айтуға итермеледі. Нақтырақ айтар болсақ, жоғарыда көрсеткеніміздей, олардың еңбектерінде дәстүрлі қазақ өркениеті бірде Далалық өркениет деп аталса, ал тағы бірде номадтық, яғни көшпелілер өркениеті деп жазылып жүр. Оны аттылы көшпелілер өркениеті, ислам өркениеті, еуроазиялық өркениет, ерте түркі өркениеті немесе жалпылама түрде қазақ өркениеті деп жазып жүргендер де бар. Бұл мәселенің басы әлі ашыла қоймағандықтан біз де оны әзірше дәстүрлі қазақ түркілерінің өркениеті деген көпшілікке де, ғылымға да түсініктілеу терминмен алмастырып отырмыз. Әрине, мұның өзі ғылыми

Скачать книгу