Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап - Коллектив авторов страница 19
![Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап - Коллектив авторов Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап - Коллектив авторов](/cover_pre235562.jpg)
ІІ бөлім
ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ЕЖЕАГІ ТАРИХЫ (б.з.б. VII-IV ғғ.)
І тарау
ТҮРКІЛЕРДІҢ ЕЖЕЛГІ БАБАЛАРЫ (ПРОТОТҮРІКТЕР)
§ 1. Сақ-сармат кезеңі
Ерте темір дәуіріндегі археологиялық мәдениеттердің ерекшеліктері және археологиялық ескерткіштер хронологиясы.
Қазақстан тарихындағы б.з.б. VII – IV ғасырлар аралығы ерте темір дәуірі кезеңі деп аталады. Тәуелсіздік жылдары жарық көрген мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындары студенттеріне арналған Қазақстан тарихы оқулықтарында ерте темір дәуірінің хронологиялық шеңберін б.з.б. VIII – ІІІ ғасырлар немесе VIII – VI ғасырлар деп көрсету орын алып келеді. Қазақстан тарихын бұлай кезеңдеуге толық келісуге болмайды. Өйткені еліміз аумағындағы қола дәуірінің хронологиялық шеңбері б.з.б. ІІ-І мың жылдықтарды қамтиды, яғни б.з.б. XVIIІ – VIIІ ғасырларға сәйкес келеді. Олай болса, VIIІ ғ. бір мезгілде қола және ерте темір дәуірлерінің хронологиялық шеңберін көрсете алмайды. Б.з.б. ІІІ – б.з. ІІ ғасырлардағы темірді құрал ретінде игерген ежелгі мемлекеттер: ғұн, үйсін және қаңлы бірлестіктерінің хронологиялық шеңбері болып табылады. Сол себепті де б.з.б. VII – IV ғасырлар аралығын ерте немесе әуелгі темір дәуірінің хронологиялық шеңбері деп көрсеткен жөн.
Сақ тайпаларына қатысты археологиялық ескерткіштер Қазақстанның барлық аумақтарынан дерлік ұшырасады. Сақ қорғандары көбіне, өзендер бойына орналасып, Жетісу және Орталық Қазақстан, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан, сондай-ақ Солтүстік және Батыс Қазақстанда жиі кездеседі. Археолог ғалымдар тұрақтар мен қорғандарда қазба жұмыстарын жүргізіп, сақтардың діни нанымсенімдері мен әдет-ғұрыптары, тұрмысы мен шаруашылығына қатысты мол мәліметтер алды.
Жетісу жерінен табылған археологиялық ескерткіштер қатарына «Бесшатыр» қорымы, «Есік» обалары, «Жуантөбе» қорымы, «Боралдай» қорымы және т.б. кіреді. «Бесшатыр» қорымы Іле өзенінің оң жағасында, Шылбыр қойнауында орналасқан. Қорымның басты ерекшелігі 31 обаның шоғырланып орналасуында. Обалардың көлемі әр түрлі болып келеді. Үлкен обалардың диаметрі 25-28 м және биіктігі 5-6 м құраса, кішілерінде бұл көрсеткіш 6-18 м және 0,8-2 м құрайды. Жеке обаларды айналдыра тастан қоршаулар тұрғызылған. «Бесшатыр» обалары құрылысы жағынан мынадай көрініс береді. Жер бетіне орналастырылған сағаналар ағаш бөренеден тұрғызылған. Құрылыс бірнеше бөліктен: дәлізден, қабірдің алдыңғы кірер аузы және жерлеу бөлмесінен тұрады. Жерлеу бөлмесінде адамның қаңқасы, кірер бөлмеде қыш ыдыстар және басқа да бұйымдар қойылған. Бөренелердің бастары бір-біріне біріктіріліп, құлыптармен бекітілген.
Құрылыстың қабырғалары төрт бұрышты болғанымен, төбесі дөңгелек күмбез түрінде жабылған. Құрылыс жұмысы көп қышты қажет еткен. Тастар жақын маңнан тасылғанымен, ағаш бөренелер тау