Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап - Коллектив авторов страница 21
![Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап - Коллектив авторов Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап - Коллектив авторов](/cover_pre235562.jpg)
Зайсан көлінен оңтүстікке қарай 100 шақырым жердегі Маңырақ пен Тарбағатай жоталары аралығындағы Шілікті алабында ерте сақ дәуіріне жататын қорғандар орналасқан. Қорымдар алаптың ортасында орналасқан. Мұндағы «патша» қорғандарының диаметрі 100 м, биіктігі 8-10 м жетеді. Шілікті қорымы – сақ тайпалық одағының билеуші тобының жерлеу орны болуы мүмкін. Шілікті даласында сақ-үйсін дәуірінің 200-ден астам ескерткіштері бар19. Шілікті архитектуралық комплексінің хронологиялық шеңбері шамамен б.з.б. УІІІ-УІ ғғ. қамтиды. Шығыс Қазақстанда орналасқан ерте темір дәуіріне қатысты археологиялық ескерткіштердің келесі бір кешені – Берел қорымы. Ескерткіштің хронологиялық шеңбері – б.з.б. У-ІУ ғғ. Бүгінгі күнге дейін «Берел-1» және «Берел-2» археологиялық кешеніне кіретін ондаған қорғандарда қазба жұмыстары жүргізіліп, сақ тайпаларының діни наным-сенімдері мен тұрмыс-тіршілігі жайлы мол мағлұматтар алынды. Шығыс Қазақстанда орналасқан ерте темір дәуіріне қатысты археологиялық ескерткіштерді зерттеуде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, археология және этнология кафедрасының профессоры Әбдеш Төлебаев бастаған ғалымдары көп еңбек сіңіріп келеді.
Қазіргі Батыс Қазақстан жерін мекендеген сарматтар ескерткіштері Жайық, Елек, Жем, Сағыз өзендері бойына орналасқан. Олардың қатарында Сынтас, Бесоба, Лебедевка қорымдары мен Прохоровка мәдениеттері бар. Аталған археологиялық ескерткіштерде Қазақстанның өзге өңірлеріне тән алтын бұйымдармен қатар, соғыс қару-жарақтары көптеп табылуымен ерекшеленеді.
Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне тән археологиялық ескерткіштер қатарында «Түгіскен» және «Ұйғарақ» қорымдары бар. Б.з.б. ІХ-VIII ғасырларға тән Оңтүстік Түгіскен қорымында – 9, ал УП-У ғасырларға тән Солтүстік Түгіскен қорымында 27 оба орналасқан. Ал Солтүстік Түгіскен бір мезгілде тұрғызылған Ұйғарақ қорымында 80 оба орналасқан. Олардың 70-де зерттеу жұмыстары жүргізілген. Сақ дәуірінің көрнекті ескерткіштері қатарында Сырдың төменгі ағысына жақын орналасқан Шірік-Рабат, Бәбіш Молда ескерткіштерін атап өткеніміз жөн.
Сақ тайпаларына
19
Омаров Ғ. Шығыс Қазақстанның ерте темір дәуірі. – Алматы, 2010. – 70-б.