Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап - Коллектив авторов страница 20
Сол жылдарда әлем қызығушылығын туғызған «алтын адам» 17-18 жасар ханзада деп жарияланды. Бүгінде егеменді Қазақстанның атрибуты мен символына айналған «алтын адам» бейнесі Алматы қаласындағы тәуелсіздік монументі мен Ел ордамыз – Астана қаласындағы «Мәңгілік ел» кешендерінде тарихи тұлға бейнесінде берілген.
Жекелеген археолог және тарихшы ғалымдар «алтын адамның» ханшайым болуы мүмкін деген жорамалды да алға тартып отырады. Олай деуге де негіз бар. Қорғанның ішіне үңілсек, қабірдің оңтүстік және батыс жағында 26 қыш ыдыстардың орналасқанын көруге болады. Ортасында басы батысқа қаратылған адам қаңқасы табылды. Мәйіттің тұрқының ұзындығы – 165 см. Бұл көрсеткіш әйел адамға тән өлшем деуге болады. Ол алтынмен әрленген сәнді киім киінген. Бас киімі шошақ түрінде болып келеді. Биіктігі – 70 см құрайды. Бас киімнің маңдайшасында алтыннан жасалған мүйізді (пырақты), қанатты жылқы бейнелері берілсе, бас киімнің екі жақ бүйірі тау сілімдері, ағаштар, барыс, таутеке бейнеленген 150-дей алтын қаптырмалармен және тоғалармен сәнделген. Тағы бір ерекшелігі бас киімнің төрт жағын ала орналасқан құс қауырсыны түріндегі алтын қауырсындармен әрленген, сырты алтын фольгамен оралған төрт жебе бекітілген. Сыртқы түрі мен безендірілуінде көшпелі тайпалардың қалыңдықтың бас киіміне ерекше назар аударатындығын ескерсек, «алтын адамның» әйел адам екендігі туралы пікірге бір табан жақындайтынымызды аңғару қиын емес. Келесі бір фактілерге бас сүйектің сол жағынан табылған алтын сырға мен мойны тұсында алтын алқа жатады. Көшпелілерде, әсіресе түркі тайпаларында ер адамдардың сырға таққандығын археологиялық ескерткіштерден көруге болады. Бірақ мұндай сырғалар көбіне дөңгеленіп, айшық тәріздес болып жасалады. Ал «алтын адамның» құлағынан салпыншақ көк тасы бар сырғаның табылуы, мойнындағы алтын алқаның төрт орам спираль тәріздес жасалуы оның әйел жынысына жататынына келесі дәлел тәрізді. Үстіне киілген бешпеттің жиектері мен жеңінің ұшы жолбарыстың басы бейнеленген алтын тоғалармен жиектелген. Бешпеттің қалған жері үшбұрышты геометриялық фигуралар түріндегі алтын өрнектермен көмкерілген. Бешпеттің белі тұсына аяғын бауырына жинаған бұғы мен бұланның басы түріндегі он алты қаптырмамен қапталған құрама белдік тағылған. Белдіктің оң жағына алтын қаптырмалары бар темір акинак-қанжар ілінген. Қазба жұмыстары барысында «алтын адамның» қабірінен қола айнаның табылуы да оның әйел екендігін айғақтай түсетіндей. Жазба деректерден сақтардың Тарғытай, Скунха атты патшаларымен қатар, аса беделді Томирис, Тамир, Зарина атты патшайымдары өмір сүргенін ескерсек, «алтын адамның» ханшайым болуы әбден мүмкін.
Атырау облысы, Жылыой ауданындағы «Аралтөбе» қорымының 1-қорғанынан тапқан «алтын адам» kolizej.at.ua
Жалпы «алтын адамдар» туралы айтқанда, олардың еліміздің бірнеше аймақтарынан табылғандығын айтып өткен жөн.
Есік қаласы маңынан табылған «алтын адамнан» бөлек, 1999 жылы археологтар Зейнолла Самашев пен Жұмаш