Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап - Коллектив авторов страница 22

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап - Коллектив авторов

Скачать книгу

«Нахши Рустем», Ксеркстің «антидэвтік» тас жазбалары бар. Парсы патшасы I Дарий (б.з.б. 552-486 жж.) өзінен кейінгі ұрпаққа атын қалдыру мақсатында биік жерде орналасқан қара жартасқа өзінің өмірінде атқарған істерін, жазу және сурет түрінде қалдырған. Бұл жартас Бехистун атымен белгілі. Жазба бес бағанадан тұрады. Соңғы бесінші бағанасында парсы империясындағы сатраптардың аттары берілген. Он бесінші сатраптың құрамында бүгінгі Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың аттары көрсетіледі. Бұл тайпалардың жалпы атауы зака (сақ) деп берілген. Тас жазбалардағы мәліметтер бойынша олар: тиграхауда («шошақ бөрік киетін») сақтар, хаомаварга («хаом сусынын дайындайтын») сақтар, парадарайа («теңіздің немесе өзеннің арғы жағындағы») сақтар болып үшке бөлінеді. Тиграхауда сақтары Сырдария бойы мен Жетісу аймағын, сондай-ақ қазіргі Қазақстанға шекаралас Солтүстік Қырғызстан, таулы Алтай аумағын, ал хаомаварга сақтары шығыста Тянь-Шань тауларының етегі мен Ферғана алабын мекендесе, солтүстігінде Сырдарияның орта ағысы мен Арал теңізінің оңтүстік жағалауын, батысында Мұрғаб аңғары мен оңтүстігінде Әмудария өзені сағалары аралығын мекендеген. Жалпы «хаом» атауы жүзімнен дайындалатын діни-жоралық сусынды білдіреді. Парадарайа сақтарын Қазақстан мен оған көршілес мемлекеттердің осы заманғы картасы аумағында нақтырақ бейнелеу мәселесі әлі де түпкілікті шешімін тапқан жоқ. Қазіргі кезде бұған байланысты бірнеше көзқарастар бар. «Парадарайа» атауының өзін ғалымдар «теңіздің арғы жағындағы» деп аударып жүр. Осыдан келіп, бір ғалымдар оларды Арал теңізінен солтүстікке қарай орналастырса, енді біреулері олардың атамекенін Каспийдің немесе Қара теңіздің солтүстік бөлігімен байланыстырады. «Дария» сөзі парсы тілінде «өзен», «су» деген ұғымдарды да білдіреді. Қазақстан мен Орта Азия жерінен ағып өтетін Әмудария мен Сырдария, Қуаңдария мен Жаңадария атаулары да өзен атауларын білдіретінін ескерсек, сақтардың бұл тобын аталған өзендердің солтүстік бөлігіне орналастыруға болады.

      Ксеркстің «антидэвтік» жазбасында Сырдарияның төменгі ағысы бойы мен Арал теңізінің солтүстік шығысын мекендеген тайпаларды «дахтар» деп атайды. Парсы патшаларының резиденциясы орналасқан Персепольде I Дарийдің осы аттас жазбасы сақталған. Жазбада тақта отырған парсы патшасына сыйлықтар әкеліп тұрған шошақ бөрікті сақтар бейнеленген. Бұл дерек көзінен сақтардың антропологиялық типі, киім киісі мен қару-жарақтары жайлы мәлімет алуға болады.

      Дарий патша taynivekov.ru

      Ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазылған жазба деректердің қатарында арамей әліпбиі негізінде жазылған көне ирандық зороастризм дінінің қасиетті кітабы – «Авестаны» атап өткен жөн. Бұл кітапта Қазақстан жеріндегі жерсу атаулары, тайпалар аттары берілген. Б.з.б. II мыңжылдықтың аяғында бүгінгі Иран және Үндістанның солтүстік бөлігіне арийлер келіп қоныстана бастаған. Қазіргі кезде ғылымда арийлер мекендеген жеріне байланысты бірнеше пікір қалыптасқан. Олардың біреулері арийлердің алғашқы қоныстанған жерін Еуропамен, енді біреулері Кавказбен, тағы біреулері Алтай аймағымен байланыстырады. Санкт-Петербург ғалымы

Скачать книгу