Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап - Коллектив авторов страница 26
Кирдің өлімінен кейін таққа оның мұрагері Камбис келеді. Камбистің тұсында империяның сыртқы саясаты әрі қарай жалғасын табады. Кирдің арманы болған Мысыр елі парсыларға бағынады. Бірақ көп ұзамай сарай төңкерісі орын алып, билік басына Кирдің туысы, яғни Ахемендік әулеттен шыққан Дарий І келеді. Ол Парсы империясының сыртқы саясатта ұстанған бағытын толығымен құптап, оны әрі қарай жалғастырады. Алайда Дарий патша таққа отырысымен мемлекетте билікке қарсы көтерілістер орын алады. Бұл жайлы Бехистун жазбаларында айтылады. Сонымен Дарийдің билік басындағы алғашқы жылдары көтеріліс ошақтарын басумен өтеді. Ал енді Кирдің үлкен жеңілісі Ахеменид державасының сағын сындыра алмады. Ол да Кир тәріздес билеуші деспот ретінде танылды. Дарий өзіне басқа халықтың бағынбауын қорлау ретінде ашумен қабылдады. Ал сақ тайпалары болса осылайша, Ахеменид державасына бағынбады. Сондықтан Дарий да Кир тәрізді Грецияға соғыс ашпас бұрын терістіктегі тынымсыз көршілерін тыныштандырмақшы болды. Сонымен қатар бұрынғы соғыстар жөнінде хабардар ол, сақтарды өзіне тәуелді әскери одақтас еткісі келеді.
Осындай мақсатпен Дарий өзінің билігінің үшінші жылында сақтарға қарсы жорыққа аттанады. Бұл жорық туралы мәлімет беретін бірден бір дерек көзі Бехистун жазбасының V бағанында: «Осыдан кейін мен әскеріммен шошақ бөрік киетін сақтар еліне аттандым. Өзенге келгеннен кейін өттім. Осыдан кейін мен сақтарды ойсырата жеңдім. Олардың Скунх деген көсемін маған алып келді. Сол кезде мен оның орнына, өзімнің қалауым бойынша, басқа біреуін қойдым. Осыдан кейін ел менің қол астыма өтті», – деп жазылған.
Бехистун жазбасындағы осы оқиға Геродоттың шығармасында да, ежелгі грек тарихшылары еңбектерінде де кездеспейді. Ежелгі грек авторы Полиеннің шығармасындағы әңгімеге қарағанда, сақтар парсылармен соғыспастан бұрын өз әскерлерін үш топқа бөлген. Дарий жорыққа аттанған тұста, сақ патшалары Сакесфар, Омар және Тамир не істеу керектігі жөнінде кеңес өткізеді. Патшалардың кеңесінде Шырақ деген жылқышы жігіт, жиналғандар қапелімде шешімді ештеңе айта алмай тұйыққа тірелгендей болғанда, үлкендерден рұқсат сұрап, «адамдарымызды қан майданда емес, аярлық алдаумен қырғынға ұшыратқан парсыларға біз де өз қаруын өзіне жұмсап, айламен қырғын таптырайық деп, өз ойын ортаға салады. Ол бұл істі атқарғанда сақ патшалары бұл іске төлеу ретінде оның балалары мен ұрпақтарының жақсы өмір сүруін қамтамасыз етуі керек болды. Кеңес алқасы келісіп, келісімдерін береді.
Өз денесін аяусыз жаралап, көрген адамның зәресін ұшырып, аяушылық сезімін туғызатындай күйге жеткізген Шырақ күншілік жерден Дарийдің алдынан шығып «өзінің арғы атасының парсы екендігін, тайпаластарының оған қорлық көрсеткендігін, қаласа