Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап - Коллектив авторов страница 28
Дарий ІІІ мен Ескендір Зұлқарнайынның арасындағы соғыста сақ тайпалары парсыларға әскерлерін жіберіп отырған. Ескендірдің б.з.б. 331-327 жж. Орта Азияға жорығы жайлы антик тарихшылар Диодор, Помпей Трог, Курций Руф, Флавий Арриан және Страбондар жазған. Деректерде баса айтылатын жәйт – сақтардың парсыларға бағынышты ел сияқты емес, одақтастар сияқты көмек көрсеткені.
Алғаш рет Орта Азия көшпелілері б.з.б 331 жылы Гавгамела түбінде болған шайқаста парсы әскері құрамында Ескендір Зұлқарнайын бастаған македондықтарға қарсы шайқасқа түскен. Гавгамела түбіндегі шайқасқа сақтар, дайлар, массагеттер ІІІ Дарий әскері қатарында болған.
Ол жайлы антик тарихшы Клитарх «соғыс әрекетін алдымен парсы әскері бастады. Парсының Мазей деген қолбасшысы екі мың кадиус және бір мың адамдық скифтің атты әскерімен Ескендір Зұлқарнайын әскерінің сол қанатына шабуыл жасап, олардың әскери қостарын жаулап алды. Сонымен бірге Дарийдің жауынгерлері өздерінің қарсыластарын қашуға мәжбүр етті» деп көрсетеді.
Келесі бір антикалық тарихшы Арриран «Ескендір өзінің қыспаққа ұшыраған әскеріне Менид бастаған әскерін көмекке жіберді. Бұл әскер де жеңіліс тауып, шегінуге мәжбүр болды» – деп көрсетеді. Осы жерде көшпелілердің қару-жарағы жайлы суреттегенде «скиф (сақ) жауынгерлерінің өздері де, астындағы жылқылары да сауыт киінген еді» деп суреттеп жазады. Алғашқы екі жорық сәтсіз аяқталғаннан кейін, Дарий бүкіл жаяу әскерін гректердің оң қанатына қарай жібереді. Әскерлерінен жырақталып қалған парсы патшасы ІІІ Дарийдің қорғансыз қалғанын пайдаланып, жеңілудің сәл-ақ алдында тұрған Ескендір Зұлқарнайынның көзсіз ерлікке барып, шабуыл жасауы ғана патшаның бас сауғалап қашуына әкеліп соғады. Көшпелілердің көмегімен жеңіске жетудің жолында тұрған парсы әскері патшасының соңынан кетіп, сол арқылы жеңісті қолдан шығарып алды. Арриан мен Курций Руфтың еңбектерінде сақ сарбаздарының батырлығы мен ержүректілігі жайлы айтылады.
Үш жарым жыл ішінде македондықтар парсы флотын талқандап, Эгей мен Жерорта теңізіне орнығып, парсылардың саяси экономикалық орталығы Вавилон қаласын жаулап алды. Осы уақыт ішінде македон жауынгерлері сегіз мың шақырымнан астам қашықтықты басып өтті. Парсы патшалығы талқандалды, дегенмен өздерінің жеңісін баянды ету үшін македондықтарға Бактрия, Соғдияна және Хорезмді бағындыруға тура келді. Бұл далаларда көшпелі сақ-массагет тайпалары мекендеді. Бактрия мен Соғдияна аса маңызды сауда жолында тұрды. Шығысқа үстемдік ету үшін міндетті түрде осы аймақты бағындыру македондықтардың тағы да үш жарым жыл уақыт соғысуын қажет етті.
Б.з.д. 330 жылы көктемде Македон әскерлері Акбатанға қарай жедел жылжып, 15 күн ішінде мың шақырым жерді басып өтті де, Дарийдің соңғы байлығын басып алды. Македон атты әскері мен жеңіл