Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап - Коллектив авторов страница 31

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап - Коллектив авторов

Скачать книгу

Осы айтылғандардың бәрі дайлардың негізінен алғанда Каспий теңізінің айналасында өмір сүрген байырғы тайпа бірлестігі екендігін анықтай түсетін тәрізді. Сонымен бірге С. Қондыбайдың зерттеулері бойынша «даха» этнонимінің «дай» этнонимімен жақындығы салыстырыла баяндалады. Онда мынандай пікір бар: «… «Даса» этнониімінің ежелгі ирандық («авесталық») айтылу нұсқасы – «Даха». «Авестада» кездесетін этнонимдер арасында «даха» фаһа) атауы да бар, ол сондай-ақ б.з.д. VI ғасырдағы Ксеркстің «дәулер туралы жазуларында» сақ тайпаларымен байланысты аталады. … «даса» мен «даха» сөздері – бір сөздің екі түрлі фонетикалық варианты болып табылады. Сондықтан «Авеста» мен парсы анналдарындағы «даха» (яғни «даса» этнонимінің кездесуіне және оның ортаазиялық көшпелі сақ тайпаларымен байланыстырылуына қарап, «даха» (даса) этнонимінің үндістандық жергілікті аборигендерге ғана емес, расында да ортаазиялықтарға қатысты атау екендігін анықтауға болады.

      Б.з.д. 1 мыңжылдықтың 2-жартысындағы Орта Азия мен Қазақстан тарихында «даха» (дай) атауы шынайы этнонимдік көрсеткіш ретінде көріне бастайды. Ескендір Зұлқарнайын дәуіріндегі Арриан деген автор («Ананбасис») дайларды Сырдарияның оң жағындағы далаларға, яғни бүгінгі Сыр, Ұлытау-Сарыарқа далаларына орналастырса, кейінірек грек географы Страбон (1 ғасыр) дайларды массагеттердің тұрған жерлерінен солтүстікте, «Меотидадан» (?) жоғарырақта» жайлайтынын жазады. … жеке мәселелерге тоқталып жатпай-ақ тақырыпқа қажетті тоқетерін айтар болсақ, «дай» (даха) этнонимі бірнеше ғасыр бойына, Орта Азия мен қазақстандық көшпелілер кеңістігіндегі ең танымал және іс жүзінде ең реалды тарихи этноним болғаны.

      Осы атауды иемденгендердің соңғы тұяғы – парн (парндай, апарндай) немесе дах (дай) тайпасының көсемі Аршак б.з.б. 243 жылы бүгінгі түркпен жерінде Парфия патшалығын орнатты. Бұл пікірді С. Қондыбай И. Артамоновтың еңбегінен алып отыр35.

      Сонымен бірге зертгеушшің осы мәселелерге байланысты өзіндік қорытындылары да қызықты. Ол дәлірек айтсақ былай дейді: «Үндіарийлік «Ригведаның», ирандық «Авестаның», антикалық авторлардың мәліметтеріне сенсек, сонымен «даса» (белгі) «даха» (белгі) «дай» этнонимі Орта Азия мен Қазақстан жерінде б.з.д. 2-1 мыңжылдықтар бойына, яғни аттай 2000 жыл бойына белгілі болып шыққан. Осы жерде айта кетер тағы бір жайт – «даса» (даха, дай) атауы кейбір зерттеушілер жазып жүргендей, үндіирандықтардың өздеріне жау болған бөгде жұртқа қойған аты емес, бұл атау – қазақстандық-ортаазиялық жұрттардың өзін-өзі атауы (самоназвание) болып табылады. Ең қарапайым дәлел – антикалық (грек) авторларының қазақстандық, ортаазиялық көшпелілерді парсыларсыз-ақ тікелей «дай» деп атағандығы. Олар өздері естіген шынайы этнонимді қағазға түсірген»36.

      Осы соңғы тарихи пікірді айтушылар Дахтар/Дайлар Каспий жағалауына б.з.б. III ғ. орта шенінде ғана, дах тайпалар конфедерациясына кірген парндар Парфян мемлекетін құрған кезде келсе керек дегенді айтқаны белгілі. Зерттеуші Дахтардың

Скачать книгу


<p>35</p>

Артамонов И. Сокровище саков. – М., 1973. – 12 с.

<p>36</p>

Қондыбай С. Толық шығармалар жинағы. – Алматы, 2008. – 4-том. – 366-б.